Жүйеге кіру
Кеден одағы елдеріне АҚШ-тан әкелінетін құс өнімдерінің ветеринарлық сертификаты мақұлданды

Кеден одағы елдеріне АҚШ-тан әкелінетін құс өнімдерінің ветеринарлық сертификаты мақұлданды

15.02.2013

11-14 ақпан күндері Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) Кеден одағына мүше мемлекеттердің ветеринарлық қызметтері өкілдері мен АҚШ-тың ветеринарлық қызметі арасында келіссөздер болып өтті. ЕЭК делегациясын Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар департаменті директорының орынбасары Владимир Субботин басқарды.

 Келіссөздер барысында Кеден одағының кеден аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға деген ветеринарлық сертификаттардың Бірыңғай нысандарынан өзгешеленетін ветеринарлық сертификаттарды келісу мәселелері талқыланды. АҚШ-тан Кеден одағына экспортталатын тәуліктік тауық балапандарына, күркетауық балапандарына, үйректің балапандарына, қаздың балапандарына, түйеқұс балапандарына және құстың бұл түрлерінің инкубациялық жұмыртқаларына берілетін ветеринарлық сертификат келісілді. Қазіргі уақытта құжат Тараптардың уәкілетті органдарына қол қоюға жіберілді.

Оған қоса, бақылаудағы мына тауар түрлеріне берілетін ветеринарлық сертификаттардың 9 нысаны талқыланды:

- асыл тұқымды және үй шаруашылығына пайдаланылатын ірі қара мал;

- ірі қара малдың эмбриондары;

- соғымдық ірі қара мал, қойлар мен ешкілер;

- асыл тұқымды және үй шаруашылығына пайдаланылатын қойлар мен ешкілер;

- асыл тұқымды және үй шаруашылығына пайдаланылатын шошқалар;

- соғымдық шошқалар;

- асыл тұқымды, үй шаруашылығына және спортта пайдаланылатын жылқылар;

- соғымдық жылқылар;

- тұқым бұқасының ұрығы.

Келіссөздерге қатысушылар келіссөз процесін жалғастыру жайында келісімге қол жеткізді.