Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссияның Санитарлық шаралар бойынша Ішкі комитетінің алғашқы отырысы болып өтті

Еуразиялық экономикалық комиссияның Санитарлық шаралар бойынша Ішкі комитетінің алғашқы отырысы болып өтті

15.02.2013
14 ақпан күні Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар Департаментінің директоры Олег Арнаутовтың төрағалық етуімен Техникалық реттеу, ЕЭК Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шараларды қолдану бойынша Консультативтік комитет жанындағы Санитарлық шаралар бойынша ішкі комитеттің алғашқы отырысы болып өтті.

Ішкі комитеттің мүшелері Санитарлық шаралар бойынша ішкі комитет туралы Ережені, өнеркәсіптік өңдеуге арналған күнбағыс тұқымындағы кадмийді нормалау бөлігіндегі Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауына, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру тәртібі туралы Ережеге, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жатқызылған тауарлардың Бірыңғай тізбесіндегі ІІ бөлімге енгізілетін өзгерістерді мақұлдады.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың жобасын, Санитарлық шаралар бойынша Ішкі комитеттің жұмыс жоспарын жетілдіре пысықтауға қатысты әрі санитарлық шаралар саласындағы жұмыс топтарының құрамдарын жаңарту мәселелері қаралды.