Жүйеге кіру
ЕАЭО-да сүт өнімін таңбалауды ендіру туралы уағдаластыққа қол жетті

ЕАЭО-да сүт өнімін таңбалауды ендіру туралы уағдаластыққа қол жетті

14.09.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесі мүше мемлекеттердің сүт өнімінің жекелеген түрлерін дайындық шамасына қарай таңбалауды ендіру туралы қағидатты уағдаластыққа қол жеткізді. Бүгінгі таңда таңбаланбаған тауарлардың айналымына тыйым салудың олардан ерте енгізілуі мүмкін нақты мерзімдерін талқылау аяқталып келеді. Бағамдалып отырған ендіру күні таңбалауды ендіруге дайын екендігін мәлімдеген Ресей Федерациясы Үкіметі қаулысының жобасында беркітілген.

 

Қоғамдық талқылау кезеңінен өтіп жатқан құжатқа сай, сақтау мерзімі 28 тәуліктен асатын сүтті, кілегейді және балмұздақты міндетті таңбалауды 2021 жылғы 20 қаңтардан бастау бағамдалып отыр. Жарамдылық мерзімі аз өнімдерге, сондай-ақ қойылтылған сүтке, майға, ірімшік пен сүзбеге қатысты таңбалау 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ендірілуі мүмкін. Іркітке, йогурт пен айранға қатысты келгенде, бұл өнімдер 2021 жылғы 1 қазаннан бастап міндетті тәртіпте таңбалана бастауы мүмкін. Күтіліп отырғанындай, таңбалауды ендіру кезеңдері бойынша түпкілікті шешім қарашада қабылданады.

 

«Таңбаланатын тауарлар желісін кеңейту - Одақ нарығындағы «сұрқай» өнім мен жалған өнімді одан әрі қысқартуға әкеледі. Ал бұл, сүт өнімінің әлеуметтік маңызын ескере келгенде, азаматтардың неғұрлым осал санаттарының қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауды жақсы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев.

 

Анықтама

 

ЕАЭО-да тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісім 2019 жылғы 29 наурызда күшіне енді. Келісім Одақ аумағында тауарлардың келісілген тобына қатысты бірыңғай таңбалауды ендірудің негізгі қағидаларын айқындайтын негіздемелік құжат болып табылады. Осымен бір мезгілде құжат: не бүкіл Одақтың аумағында, не ұлттық деңгейде таңбалауды ендірудің тәртібін айқындайды. Бірақ бұл ЕЭК Кеңесі тек Одақтың бүкіл аумағында таңбалауды ендіру туралы ұсынысты қарағаннан кейін және, егер Комиссия Кеңесі ЕАЭО аумағында не бірыңғай қағидалар бойынша ендірге уағдаластық бар болған кезде екі немесе одан көп мүше мемлекеттің аумағында таңбалауды ендіру туралы бірауыздан шешім қабылдамаған жағдайда ғана мүмкін болады.​