Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі «Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі» жобасының жалғыз операторын іріктеу тәртібін бекітті

ЕЭК Кеңесі «Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі» жобасының жалғыз операторын іріктеу тәртібін бекітті

Варданян-Совет ЕЭК-13_07_2020.jpg
14.07.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 13 шілдедегі отырысында «Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі» жобасын іске асыру кезінде жалғыз операторды іріктеу тәртібі бекітілді. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріндегі ұлттық операторлар жалғыз оператордың құрылтайшылары болады.

Жобаны іске асыру шеңберінде мүше мемлекеттердің елдердегі ұлттық операторларды айқындауы көзделген. Әрбір елде ұлттық операторларды мемлекеттік биліктің уәкілетті органдары айқындайды. Жалғыз оператор ұлттық операторлар құратын дербес ұйым түрінде қалыптастырылады.

Еске сала өтсек, «Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі» жобасын Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі шешіміне сай ЕЭК-тің цифрлық офисі іске асырады.

Жоба ЕАЭО елдерінің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне кооперация мен субконтрактация бойынша неғұрлым тиімді әріптестерді жедел іріктеу механизмін ұсыну, шағын және орта кәсіпорындарды ірі өндірушілердің өндірістік тізбектеріне тарту, сондай-ақ Одақ елдерінің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттік билік органдарының толассыз процестер мен цифрлық сервистерге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау бойынша автоматтандырылған жүйе құруды бағамдайды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде мүше мемлекеттер сервистерінің аумақтық бөлінген жиындысына, соның ішінде Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі ұлттық компоненттерінің сервистерін кірістіру есебінен және шаруашылық қызметті жүргізу үшін қажетті әрі өнеркәсіптік кооперацияны, субконтрактация мен технологиялар трансферін қолдауды қамтамасыз ететін шоғырландырылған ақпараттың үлкен көлеміне қол жеткізілетін болады.