Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техрегламентке стандарттар тізбесін толықтырды

ЕЭК Алқасы «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техрегламентке стандарттар тізбесін толықтырды

14.12.2016

Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшелері Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО)  «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техрегламентіне стандарттар тізбесін толықтырды. Толықтырулар аталған регламенттің талаптарын орындау үшін қажет.

Одақтың «Доңғалақты» техникалық регламенті жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарында пайдалануға арналған L, M, N және О санаттарының көлік құралдарына, шассиге, сондай-ақ көлік құралдарының қауіпсіздігіне әсер ететін олардың компоненттеріне қатысты болады.

Техрегламент адамның өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және тұтынушыларды адастыруға әкелетін іс-қимылдардың алдын алу мақсатында қабылданды.

Толықтыру спутниктік навигация аппаратурасымен көлікті жарақтандыру бойынша талаптарға қатысты үш стандартты және сынақ әдістеріне арналған төрт стандартты енгізуді көздейді. Бұдан өзге, көрсетілген стандарттарды қолданудың мерзімдері мен өтпелі ережелер мерзімдері белгіленген.