Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық одақ және Үндістан: өзара іс-қимылдың жаңа жолдарын іздеу

Еуразиялық экономикалық одақ және Үндістан: өзара іс-қимылдың жаңа жолдарын іздеу

IMG_1857.jpg
14.08.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Үндістан Үкіметі ынтымақтастығының перспективалары ЕЭК-тің Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегянның Үндістан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің орынбасары Бинай Сриканта Прадхан басқарған Үндістанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі делегациясымен жұмыс кездесуінің басты назарында болды.

Үнді тарапының бастамасы бойынша болып өткен келіссөздер барысында тараптар Үндістанның Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) және оған мүше мемлекеттермен өзара іс-қимылын жандандыру жолдарын талқылады.

«Үндістанмен сауда-экономикалық байланыстарды дамыту барлық мүше мемлекеттің мүддесіне сай келеді. Мен Үнді тарапының Одақпен өзара іс-қимылды дамытуға деген ыңғай-ниетін толық қолдаймын. Біз екіжақты форматта Үнді Үкіметімен де, сол сияқты көпжақты форматта - Үндістан мүшесі болып табылатын ШЫҰ мен ЕАЭО арасында да ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз», – деп хабарлады Гоар Барсегян.

Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Үнді Елшілігінің өкілдері үшін Одақтың таныстырылымын өткізді. Ол Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарына ерекше назар аудара отырып, оның ағымдағы жай-күйі туралы әңгімеледі, Одақтың сыртқы тректегі қызметінің қорытындылары және Комиссияның халықаралық әріптестермен өзара іс-қимыл форматтары туралы хабардар етті. Гоар Барсегян ЕАЭО елдерінде өтетін аса ірі конгрестік іс-шараларға дербес тоқталып, үнділік әріптестерді бұларға қатысуға шақырды.

Тараптар мүше мемлекеттердің және Үндістанның іскер топтарының сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген қызығушылығы өсіп отырғанын атап өтті. Бұл үшін ЕЭК пен Үндістанның Ресейдегі Елшілігі ЕАЭО-ның және Үндістанның бизнес өкілдерін бірлескен іс-шараларға белсенді кірістіруге дайын.