Жүйеге кіру
ЕАЭО-да аяқ киім таңбаланатын болады

ЕАЭО-да аяқ киім таңбаланатын болады

14.08.2019

Чолпон-Атада болып өткен ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге сәйкес аяқ киімді сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізуге шешім қабылдады.

Таңбалауды енгізу Одақта тауарлардың еркін қозғалысы үшін қосымша кедергілер жасамайды. Керісінше, бұл ретте ұлттық деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне қойылатын қосымша талаптар енгізілу мүмкіндігіне байланысты бизнестің мүддесі барынша ескерілуге тиіс.

Қабылданған шешімнің түбірлі аспектісі - мүше мемлекеттердің ЕАЭО-ның таңбалау жүйесіне технологиялық, ұйымдастырушылық және нормативтік-құқықтық дайындығының шамасына қарай қосылу ықтималдығымен Одақтағы таңбалауды Комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген бірыңғай техникалық қағидалар мен стандарттар бойынша енгізу мүмкіндігі болып табылады.

ЕЭК Кеңесі сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын аяқ киімнің тізбесін; сәйкестендіру құралдарын, олардың сипаттарын, олардың генерациясы тәртібін, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарының бірыңғай тізілімінде қамтылатын мәліметтер (бар болған кезде) негізінде сәйкестендіру құралдарында қамтылуға тиіс ақпараттың құрамы мен құрылымын бекітті. Бұдан басқа, тауарларды таңбалау тәртібі, бір жағынан мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында және екінші жағынан Одақ елдерінің құзыретті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамы мен құрылымына қойылатын талаптар, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдері бекітілді.

Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде қамтылатын таңбаланған тауар туралы мәліметтердің ең аз құрамы бекітілді, оларға қол жеткізу тұтынушылар мен басқа мүдделі тұлғаларға беріледі, соның ішінде ұлттық компоненттердің және тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің интеграциялық компонентінің құрамындағы  ақпараттық сервистер арқылы беріледі.

Одақ елдері сәйкестендіру құралдарымен таңбаланған аяқ киімнің кедергісіз айналымын қамтамасыз ету үшін 2020 жылғы 1 наурызға дейін ұлттық операторларды айқындауға тиісті.

Өз аумағында таңбалауды енгізу күніне дейін таңбалауды енгізбеген мүше мемлекеттердің ұлттық операторлары өз аумағында таңбалауды енгізген мүше мемлекеттің ұлттық операторынан (әкімшісінен) алынған таңбалау кодтарын тауар айналымына қатысушыларға беруді қамтамасыз етеді.

Ұлттық операторлар трансшекаралық өзара сауда шеңберінде сатылған таңбаланған аяқ киім туралы ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Ұлттық операторлар арасындағы өзара іс-қимыл Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.