Жүйеге кіру
Қазақстанда Кеден одағының жаңа техникалық регламенттерінің қолданылуы бойынша мәжіліс болып өтті

Қазақстанда Кеден одағының жаңа техникалық регламенттерінің қолданылуы бойынша мәжіліс болып өтті

14.02.2013

11 – 12 ақпан күндері Астанада Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу бойынша Алқа (Министр) Мүшесі Валерий Корешков Кеден одағының (КО) 2013 жылдың 15 ақпанынан бастап, машина жасау және электротехника салаларындағы «Шағын вольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Лифттердің қауіпсіздігі», «Жарылыс қауіпті ортада жұмыс істеу үшін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Газ тәріздес отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы», «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» техникалық регламенттерін пайдалану мәселесі бойынша мәжіліске қатысты. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіндегі Техникалық реттеу және метрология комитетінің алаңында болып өтті.

 Мәжіліске сонымен қатар, ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Василий Бойцов, ЕЭК Өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Владимир Мальцев, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіндегі Техникалық реттеу және метрология комитетінің, Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, Беларусь Республикасының Стандарттау бойынша Мемлекеттік комитетінің, ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің, Қазақстанның «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының, Росстандарттың, аккредиттеу бойынша КО мүше мемлекеттер ұлттық органдарының, метрология, стандарттау, сертификаттау саласындағы институттардың, сертификаттау бойынша органдардың, сынақ зертханаларының өкілдері мен Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

Мәжілісте КО мүше мемлекеттерде аталған техникалық регламенттердің пайдаланылуы мен іске асырылуының жекелеген мәселелері қаралды. Соның ішінде талаптары техникалық регламенттерді реттеу саласына қатысты нысандарды сәйкестендіру, техникалық регламенттерде белгіленген дәйектеу базасын қалыптастыру талаптары мен мәселелері, сертификаттау бойынша органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарына) аккредиттеуден өткізу сияқты мәселелер қаралды.

Мәжілістің қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз конференциясының барысында Валерий Корешков Кеден одағының техникалық регламенттерінде айналымға шығарылатын өнімдеріне қойылатын бірыңғай қауіпсіздік талаптарын белгілеу Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің аясында сауда-саттықтағы техникалық кедергілерді жою әрі ықпалдасу ең маңызды элемент болып табылатындығын айта кетті. Осыған орай, ЕЭК Кеден одағының қабылдаған техникалық регламенттерінің іске асырылуын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді мүдделі мемлекеттік органдардың, соның ішінде сәйкестікті бағалау бойынша органдардың қатысуымен кең қарауды қолдайды.

«Кеден одағындағы машинажасау регламенттерінің блогы, - деп ата өтті Министр, - өнеркәсіптік өнімдердің зор номенклатурасын қамтып отыр. Өнім жасаушылар үшін бұл дегеніміз – міндетті талаптар қоятын, халықаралық және еуропалық көзқарастармен үйлестірілген негізгі құжаттар, бағыт-бағдарлар. Осы талаптардың жүзеге асуы үшін ерікті түрде қолданылатын стандартардың тізбелері бекітілген болатын. Осының барлығы - өнім жасаушыларға нақты бәсекеге қабілетті артықшылықтарды қамтамасыз етуге икемді механизм».

Мәжіліске қатысушылар аталған техникалық регламенттердің күшіне енгізілулеріне қатысты Кеден одағының аясында қабылданған шешімдер өнімдердің қауіпсіздігінің жаңа талаптарына көшуі белгіленген кезеңі ішінде бірқалыпты көшуге мүмкіндік беретіндігін нақтылап айтқан болатын. Сөйтіп, 2015 жылдың 15 наурызына дейін 2013 жылғы 15 ақпанға дейінгі кезде алынған немесе қабылданған сәйкестілігін бағалау туралы құжаттары болғанда өнімдерді өндіріп, айналымға шығаруға болады. Ал 2013 жылғы 15 ақпанға дейін міндетті түрде сәйкестілігін бағалауға жатқызылмаған өнімдерге қатысты, 2013 жылдың 15 қарашасына дейінгі өтпелі кезең белгіленіп отыр.

Сонымен қатар, мәжіліске қатысушылар Кеден одағының техникалық регламенттерін іске асырудағы бірыңғай көзқарастарды әзірлеу бойынша бірлескен қызметтің және нақты техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келу презумпциясын қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттарды (МемСТ) әзірлеудің өзектілігін баса айтты. Осы бағыттағы жұмыс бизнес пен өнеркәсіптің белсенді түрде қатысуын көздейді, өйткені техникалық регламенттердің талаптары модернизациялауға бағытталады, ал кейбір салаларда – кең ауқымды техникалық қайта қаруландыруға бағытталады.