Жүйеге кіру
Жолаушы кедендік декларациясының құрылымы мен форматына өзгерістер енгізілді

Жолаушы кедендік декларациясының құрылымы мен форматына өзгерістер енгізілді

14.01.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жолаушы кедендік декларациясын толтыру тәртібіне, сондай-ақ осындай декларацияның электрондық версиясының құрылымы мен форматына өзгерістер енгізді.

Өзгерістер 16 жасқа толмаған тұлғалардың жеке мүлкін декларациялау жағдайларына қатысты болады.

Енді ертіп жүретін тұлғаға (әдетте ата-ананың біріне) 16 жасқа толмаған осындай тұлғаның (егер балаға шетелге шығу үшін жеке құжат ресімделсе) жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті қосымша көрсетуі қажет болады.

Бұл ретте 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың және оларды ертіп жүретін тұлғаның декларациялауға жатқызылған жеке заттары үшін бір жолаушы кедендік декларациясын толтырудың қолданыстағы тәртібі сақталады.​