Жүйеге кіру
Адамкул Жунусов: «ЕАЭО мемлекеттерінің монополиясыздандыру бойынша қабылдап отырған шаралары бәсекелестікті дамытуға ықпал етеді»

Адамкул Жунусов: «ЕАЭО мемлекеттерінің монополиясыздандыру бойынша қабылдап отырған шаралары бәсекелестікті дамытуға ықпал етеді»

13.12.2016
12 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссияда Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Адамкул Жунусовтың төрағалығымен Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитеттің 9-отырысы болып өтті.

Комитет мүшелері Одақ туралы шарт ережелерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарады, Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың іске асырылу қорытындыларын, электр энергетикасы саласында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай қағидалары бойынша жұмысты талқылады.

Ресей ФМҚҚ басшысының орынбасары Анатолий Голомолзин мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары Әлия Жұмбаева Ресей мен Қазақстандағы табиғи монополиялар салаларын монополиясыздандыру жөніндегі жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

«ЕАЭО мемлекеттерінің монополиясыздандыру бойынша қабылдап отырған шаралары монополияландырылған нарықтар концентрациясын төмендетуді ынталандырады, тариф белгілеудің ашық болуын және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтер көрсетуіне тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді, бәсекелестіктің дамуына ықпал етеді». – деп атап айтты Адамкул Жунусов.
 

Тараптар аталған мәселені Консультативтік комитеттің 2017 жылдың 1-тоқсанына белгіленген кезекті отырысының күн тәртібіне енгізу туралы ұсынысты қолдады.