Жүйеге кіру
Энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа мүшесі (Министр) Даниал Ахметов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды

Энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа мүшесі (Министр) Даниал Ахметов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды

13.12.2012

13 желтоқсан күні Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнінің қарсаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаев жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды.

Салтанатты сәт барысында Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа мүшесі (Министр) Даниал Ахметовты «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады.

 «Мен жоғары сенімді ақтау үшін барлығын жасаймын және бар күшімді саламын, - деді салтанатты сәттің соңында Даниал Ахметов. – Мен Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым мәселелері бойынша министрі болып қызмет атқарамын – бұл өте қарбалас әрі қызықты жұмыс. Мен мұны өзім үшін өмір мағынасындағы жаңа кезең деп есептеймін», - деп хабарлады ол.