Жүйеге кіру
ЕЭК ҚХР-дан әкелінетін жүк шиналарына арналған демпингке қарсы баждың қолданылуын қайтадан тергеп-тексеру аяқталғанға дейін ұзартты

ЕЭК ҚХР-дан әкелінетін жүк шиналарына арналған демпингке қарсы баждың қолданылуын қайтадан тергеп-тексеру аяқталғанға дейін ұзартты

13.11.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы ҚХР-дан әкелінетін жүк шиналарына қатысты демпингке қарсы шараның күшін 2021 жылғы тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қолданыстағы шара 2020 жылғы 17 желтоқсанда аяқталуға тиіс болатын. Алайда ЕЭК-тің Ішкі нарықты қорғау департаментіне белгіленген мерзімде қайтадан демпингке қарсы тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш түсті.

Құжаттарда ұсынылған мәліметтер демпингтік импортты жалғастыру мүмкіндігі туралы, сондай-ақ егер демпингке қарсы шараның күші тоқтатылатын болса, ЕАЭО мемлекеттер экономикасына нұқсан келуі жайында алдын ала тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша 2020 жылғы 19 тамызда қайтадан тергеп-тексеру басталды.

Демпингке қарсы шара күшінің өту мерзімін назарға ала отырып, сондай-ақ қайтадан демпингке қарсы тергеп-тексеру 12 ай ішінде аяқталуға тиіс екендігі ескеріле келіп, шараның қолданылуын қоса алғанда 2021 жылғы 18 тамызға дейін ұзарту ұйғарылды.

Анықтама

ҚХР-дан әкелінетін жүк шиналарына қатысты демпингке қарсы баж нысанындағы демпингке қарсы шара ЕЭК Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 154 шешімімен белгіленді. Баж өндіруші компанияға байланысты кедендік құнның 14,79%-ынан 35,35%-ына дейінгі мөлшерді құрайды.​