Жүйеге кіру
Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар ЕАЭО нарығын қорғайды

Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар ЕАЭО нарығын қорғайды

13.11.2019
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Тигран Арутюнян бұған сенімді.
«Тұтынушылар сапалы және денсаулығына қауіпсіз тауарларды сатып алуға тиіс, ал өндірушілер - адал бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуі керек», - деп мәлімдеді Тигран Арутюнян 13 қарашада Ереванда «Антиконтрафакт-2019» халықаралық форумында. «Контрафактілік өнімдердің проблемасы салалық емес. Бұл барлық дерлік өндірушілер тап болып отырған шындық, - деп толықтырды сөзін ЕЭК өкілі. – Бұл ЕАЭО нарығында бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар ресурстарының шектеулі болуы сияқты жүйелік проблеманы көрсетеді».
Бүгінгі таңда Одақ нарығындағы тұтынушылар сөрелеріне түсетін өнімдердің 0,01%-дан астамын ғана мемлекеттік органдар тікелей тексеруден өткізген. Мемлекеттердің мемлекеттік органдары арасында деректер алмасудың жедел рәсімдерінің болмауы да тағы бір проблема. 
Осыған байланысты, Тигран Арутюнян қазіргі заманғы цифрлық технологияларды – өнімді кооперативтік жеткізу шеңберінде де, сол сияқты Одақ шекарасында да толассыз жұмысты қамтамасыз ететін тауарларды таңбалау және қадағалану жүйесін ендіруді ұсынды.
Контрафактілік өнімдерге қарсы күрестің маңызды механизмі тұтынушының өзінің тарапынан бақылауы болып қала береді. Өнім тұтынушысының мүдделерін қорғау - Еуропалық одақ жұмысының арқауындағы қағидат. Цифрлық технологияны пайдалана отырып, өнімді тұтынушының өзі тиімді бағалай алады. «Бүгінде біз тұтынушыларға ЕАЭО нарығын бақылауға белсенді қатысуға мүмкіндік беруіміз керек», - деп толықтырды ЕЭК өкілі өз сөзін.
«ЕАЭО-да өнеркәсіп өнімінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл» секциясының жұмысына Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, Армения Республикасы Экономика министрлігінің, Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметінің, Бөлшек сауда компаниялары қауымдастығының, РАТЭК қауымдастығының, «КАМАЗ» ЖарАҚ өкілдері, сондай-ақ Одақтың вагон жасау, автомобиль, мұнай және жеңіл өнеркәсібі өкілдері қатысты.