Жүйеге кіру
ЕЭК-тің Техникалық реттеу жөніндегі министрі мен Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі тағайындалды

ЕЭК-тің Техникалық реттеу жөніндегі министрі мен Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі тағайындалды

13.09.2018
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттері басшыларының шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының жаңа мүшелері: Виктор Владимирович Назаренко – ЕЭК-тің Техникалық реттеу жөніндегі министрі, Александр Михайлович Субботин – ЕЭК-тің Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі болып тағайындалды.
Өз міндеттерін атқаруға ЕЭК министрі Виктор Назаренко 12 қыркүйектен бастап, ЕЭК министрі Александр Субботин 13 қыркүйектен бастап кірісті. Алқаның екі мүшесі де ЕЭК-те Беларусь Республикасы атынан өкілдік етеді.
Комиссия Алқасы он адамнан тұратынын еске сала өткен жөн. Одақтың әрбір елі атынан ЕЭК Алқасының екі мүшесі өкілдік етеді.
Виктор Назаренконың техникалық реттеу, сертификаттау, метрология, сапаны басқару (менеджмент), ғылыми және оқытушылық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында мол жұмыс тәжірибесі бар. Ол «Гомсельмаш» өндірістік бірлестігінің шебері болудан бастап 2012 жылдан бері басқарып келген Беларусь Республикасы Мемлекеттік стандарттау комитетінің төрағасына дейінгі еңбек жолынан өтті. Стандарттау, сәйкестікті және энергия тиімділігін бағалау мәселелері бойынша бірқатар ғылыми еңбектердің авторы, техникалық өнім сәйкестігін бағалау және сапа менеджменті жүйесін сертификаттау саласындағы сарапшы-аудитор болып табылады.
Александр Субботин Беларусь Республикасы Президентінің көмекшісі – Витебск облысы бойынша инспектор, Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары болып істеген. Бұдан басқа, Витебск мемлекеттік ветеринариялық медицина академиясында жинақтаған көп жылдық ғылыми өтілі бар. Биология ғылымдарының докторы, профессор және биология, паразитология, экология мәселелері бойынша бірқатар ғылыми еңбектердің авторы болып табылады.