Жүйеге кіру
ЕЭК пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ынтымақтастығы іс-шаралардың келісілген жоспары бойынша дамитын болады

ЕЭК пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ынтымақтастығы іс-шаралардың келісілген жоспары бойынша дамитын болады

13.08.2019
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов ЕЭК пен АХҚО арасындағы 2019 – 2021 жылдарға арналған Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды. Кездесу 9 тамызда Чолпон-Атада (Қырғыз Республикасы) болып өтті.

Ұйымдардың өзара іс-қимылы Астанада 2018 жылғы 4 шілдеде қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүргізілуде.

«Одақ мемлекеттерінің экономикалық интеграциясының басымдықтарының бірі - ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын құру, қаржылық даму деңгейін, қаржылық қызметтер көрсетудің қол жетімділігі мен сапасын, қаржы нарықтарының бәсекеге қабілеттілігін және капиталдандырылуын арттыру болып табылады. Осыған байланысты
Бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес ЕЭК пен АХҚО арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру маңызды мәнге ие болады»,- деп мәлімдеді Тимур Жақсылықов.

Тараптар жоспарға сай қаржы нарықтарын, капитал нарықтарын, сауда және инвестициялық ынтымақтастықты, Одақ мемлекеттерінің биржалық алаңдарының интеграциясын дамытуға ниеттеніп отыр.

Жоспардың түбірлі іс-шаралары арасында - цифрлық қаржылық өнімдер мен қызметтер көрсету, интернет-саудасы жөнінде ұсыныстар дайындау, инновациялық қаржылық өнімдер мен қызметтер көрсетуді тестілеу және игерісу үшін ЕАЭО-да реттеуші «құмсалғыштар» құру, Одақтағы цифрлық сауданың арналарын, сервистерін және инфрақұрылымын дамыту бар.

Бұдан басқа,
Еуразиялық экономикалық одақтың және қытайлық «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды ұштастыру мен іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық көзделген.

Тараптар қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылардың және инвесторлардың құқықтарын қорғаудың перспективалы бағыттары бойынша да өзара іс-қимылды жүзеге асыруға ниетті.

Анықтама
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Еуропалық одақ, Орталық Азия елдерінің, Күнгей Кавказ республикаларының, ЕАЭО-ның, Таяу Шығыс елдерінің, Батыс Қытайдың және Моңғолияның капитал нарықтарын біріктіретін өңірлік қаржы хабы ретінде жайғасулы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша АХҚО әлемдік қаржы орталықтары рейтингінде 86-орыннан 51-орынға көтерілді.

АХҚО-да әлемдік деңгейдегі инновациялық инфрақұрылым: тәуелсіз Сот, Халықаралық төрелік орталығы, жоғары технологиялы халықаралық биржа құрылған. АХҚО қатысушыларын тіркеуді, аккредиттеуді және лицензиялауды, олардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын, қатысушылардың тізілімін жүргізетін АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу комитеті және қаржы нарығы мамандарын даярлау үшін Үзіліссіз кәсіби білім беру бюросы жұмыс істейді.

Еуразиялық экономикалық комиссия мен
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға 2018 жылғы 4 шілдеде Астанада қол қойылды. Құжат қаржы нарықтарын дамыту, қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылардың және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы, сауда мен инвестициялық ынтымақтастықтағы және басқа бағыттардағы өзара іс-қимылды бағамдайды.