Жүйеге кіру
Тұрмыстық газ приборлары қауіпсіз болады

Тұрмыстық газ приборлары қауіпсіз болады

13.07.2020
ЕЭК Кеңесі «Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгерістерді Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарына қосты.

Оған үй-жайдың ішінде қолданылатын газ пайдаланушы жабдықта жанбаған газдың жиналып қалуын болдырмайтын құрылғының міндетті түрде болуы туралы норманы кірістіру жоспарлануда. Бұл тұрмыстағы тәуекел етуді азайтады, тамақ дайындауға және жылытуға арналған газ құралдарын, жылыту және сужылытқыш газ аппараттарын пайдалану кезінде төтенше жағдаяттарды болдырмауға көмектеседі.

Өзгерістердің жауапты әзірлеушісі болып Ресей Федерациясы айқындалды. Құжатты мемлекетішілік келісуді 2021 жылғы төртінші тоқсанда аяқтау ұйғарылған.​