Жүйеге кіру
ЕАЭО және Вьетнам сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін талқылады

ЕАЭО және Вьетнам сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін талқылады

13.06.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян және бас хатшы Нгуен Тоан Тханг бастаған Вьетнам банкілерінің қауымдастығы ЕЭК штаб-пәтерінде 11 маусымда қаржы қызметтерін көрсету саласындағы ынтымақтастық мүмкіншіліктерін талқылады. Сондай-ақ, кездесуге Комиссияның Сауда жөніндегі министрі Вероника Никишина мен ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Жақсылықов қатысты.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Вьетнам арасындағы Еркін сауда аймағы туралы келісімді іске асыру шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін қарастырды.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян кездесуді аша отыра, Комиссия ЕАЭО және Вьетнам арасындағы ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін атап өтті. «Дәл осы Вьетнам біз еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойған алғашқы ел болды. Ол ең алдымен тауарларды сатуға қатысты. Келісім өзінің тиімділігін дәлелдеді. Біздің елдеріміздің арасындағы сауда-экономикалық қатынастар неғұрлым қарқынды дами бастады. Алайда ынтымақтастықты тереңдету үшін үлкен әлеует бар. Атап айтқанда, банк жүйесінде», - деді Тигран Саркисян.

Келісім қолданылған алғашқы толық 2017 жылдың өзінде тауар айналымының өсімі 36% (5,9 млрд АҚШ долл.) құрады. Бұл ретте Одақ елдерінің Вьетнамға экспорты 40% ( 1,6 бастап 2,3 млрд АҚШ долл. дейін), ал Вьетнамнан тауарлар импорты 35% (2,7 бастап 3,7 млрд АҚШ долл. дейін) артты.

Вьетнам тарапы өз кезегінде ЕАЭО-мен қарым-қатынасты барынша жақсартуға қол жеткізуді және ынтымақтастықты күшейту үшін барлық мүмкіндікті қарастыратынын мәлімдеді.

ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Жақсылықов Комиссияның 2025 жылы ортақ қаржы нарығын қалыптастыру бойынша жұмысы туралы әңгімеледі, соның нәтижесінде капиталдың еркін қозғалысының және қаржылық қызметтер көрсетудің тосқауылдары жойылатын болады. Ортақ нарықты қалыптастыру тұжырымдамасы осы жылы қабылданады деп жоспарланып отыр.

«Біз капиталдың Одақ нарығындағы қозғалысы бойынша шектеулерді алып тастау, брокерлер мен делдалдарға бір-бірінің нарығына кіруге рұқсат беру, бағалы қағаздар саудасына рұқсат беру рәсімін оңайлату үшін жұмыс жасаудамыз. Ортақ қаржы нарығы қаржылық қызметтер көрсету сапасын жақсартуға және оны тұтынушылар үшін арзандатуға мүмкіндік береді»,- деп хабарлады ЕЭК министрі.

ЕЭК-тің Сауда жөніндегі министрі Вероника Никишинаның айтуынша, қызметтер көрсету саудасы саласында үлкен әлеует бар. Алқа мүшесі қазір туристік қызметтер көрсетудің белсенді дамып жатқанын, алайда кез келген экономикалық мәміленің негізінде жататын қаржылық қызметтер көрсетуді де дамыту қажет екенін атап өтті.


«Біздің кездесуіміз танысумен ғана аяқталып қоймай, шын мәнінде бүгін реттейтін байланыстардың көмегімен, бізде және біздің елдерімізде бар өкілеттіктердің көмегімен қаржылық қызметтер көрсету саласындағы ынтымақтастықты арттыру үшін мүмкіндіктер табатынымызды негізге аламыз», - деп мәлімдеді Вероника Никишина.

Тәуекелдерді басқару, қылмыстық табыстарды жылыстату, банк операцияларын цифрландыру алда тұрған ынтымақтастық нысанасы болуы мүмкін. Тараптар ынтымақтастықты жеделдету үшін жұмыс тобын құру мүмкіндігін қарастырады.

Анықтама
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім 2016 жылғы қазанда күшіне енді. Онда бәрінен бұрын сауда баждарының күшін жою және тауарлар саудасы туралы айтылған. Қызметтер көрсетудің сыртқы саудасын реттеу және инвестицияларды жүзеге асыру Одақ елдерінің ұлттық құзіреттеріне жатады.