Жүйеге кіру
ЕАЭО және ШЫҰ ынтымақтастықты тереңдетуде

ЕАЭО және ШЫҰ ынтымақтастықты тереңдетуде

13.06.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян және ШЫҰ бас хатшысы Владимир Норов Бішкекте (Қырғыз Республикасы) 13 маусымда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Кездесу Шанхай ынтымақтастық ұйымының Мүше мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында өтті.

Тигран Саркисян Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы үш ел ШЫҰ мүшесі болып табылатынын, Беларусь бақылаушы ретінде, Армения диалог бойынша әріптес болып табылатындығын ескере отырып, ЕАЭО және ШЫҰ арасындағы ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, тараптардың өңірдің орнықты, жоспарлы және тұрақты дамуына бағытталған, өзара ұштасқан маңызды күн тәртібі бар. «Көлік, логистика, энергетика және цифрландыру ынтымақтастықтың ұйымдар құзіретіндегі ортақ салаларына айналуы мүмкін. Соңғысы стандарттарды, соның ішінде көлік пен логистикаға жататын стандарттарды тұжырымдауға қатысты», - деді ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Владимир Норов диалогты дамыту үшін ортақ салалар туралы тезиспен келісті және қазір Шанхай ынтымақтастық ұйымы үшін көліктік және логистикалық инфрақұрылымды арттыру жұмыстың негізделген басты бағыттарының бірі болып табылатындықтан, ол көліктік инфрақұрылымға ерекше назар аударды. ШЫҰ қағазсыз саудаға қол жеткізуге тырысады, бұл елдер арасындағы сауданы айтарлықтай жеңілдетуге тиіс және көліктік-логистикалық салаға жағымды әсерін тигізетін болады.

Тигран Саркисян қағазсыз сауда және кедендік реттеу де Еуразиялық экономикалық одақ үшін басым бағыттар болып табылатынын атап өтті. Ол екі ұйымның өз күн тәртіптерін талқылағаны маңызды екенін атап өтті. Бұл қазіргі бар тосқауылдарды жоюға және жаңаларын жасамауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты тараптар тұрақты негізде ЕЭК және ШЫҰ хатшылықтары арасында ақпарат алмасуға келісті.

Тигран Саркисян мен Владимир Норов халықаралық ұйым шеңберінде ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Атап айтқанда, бұл ШЫҰ - ЕАЭО - ЭСКАТО форматында көлік пен логистиканы дамыту мәселелері бойынша бірлескен кездесу өткізу. Сондай-ақ, тараптармеморандумға қол қою арқылы ЕАЭО және ШЫҰ арасындағы қарым-қатынасты рәсімдеу перспективасын да талқылады.

Анықтама
Сегіз ел ШЫҰ-ға мүше мемлекет болып табылады, олар: Үндістан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы.

Төрт мемлекет ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие, олар: Ауғанстан Ислам Республикасы, Беларусь Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Моңғолия Республикасы.

Алты ел ШЫҰ-ның диалог бойынша әріптесі болып табылады, олар: Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Камбоджа Корольдігі, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы, Түркия Республикасы, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы.