Жүйеге кіру
ЕЭК кешью жаңғағы мен өнеркәсіптік майлы спирттерге кедендік әкелім бажын нөлге теңестірді

ЕЭК кешью жаңғағы мен өнеркәсіптік майлы спирттерге кедендік әкелім бажын нөлге теңестірді

13.06.2018

Сауда, ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ кедендік реттеу мәселелері 13 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) Алқасының отырысында қарастырылды. Бірқатар тауарларға кедендік әкелім баж мөлшерлемелері нөлге теңестірілді, өнімдердің жекелеген түрлері топтастырылды, еуразиялық интеграцияны тереңдету бойынша басқа шешімдер қабылданды.

ЕЭК Алқасы ЕАЭО өнеркәсіптік майлы спирттерге (ӨМС) салынатын Бірыңғай кедендік тарифінің (БКТ) кедендік әкелім бажының мөлшерлемесін нөлге теңестірді. Шара 2018 жылдың 2 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 31 тамызына дейін (қоса алғанда) енгізіледі. Осы тауарлардың қолданыстағы мөлшерлемесі кеден құнынан 5% құрайды.

Майлы спирттер жуу және косметикалық құралдар өндірісінде, металлургияда, тоқыма, былғары, қағаз, лак және бояу, тамақ және медицина өнеркәсібінде және ауыл шаруашылығында қолданылады.

Шешім, өндірісінде ӨМС қолданылатын беттік белсенді заттек өндірушілерін қолдауға, осы өнімнің ЕАЭО ішкі нарығында өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.

2015 жылдың сәуірінен бастап 2017 жылдың желтоқсанына дейін, ЕЭК Алқасының ӨМУ қатысты шешіміне сәйкес, әлдеқашан кеден бажының 0% уақытша мөлшерлемесі әрекет етіп келген. ӨМС Одаққа негізгі жеткізушілері: Индонезия, Германия, Нидерланды, Малайзия, Үндістан.

Сонымен қатар, қабықты кешью жаңғағынан да кеден бажы нөлге теңестірілді. ЕАЭО Бірыңғай кеден тарифіне сәйкес әкелім кеден бажының мөлшерлемесі - кеден құнынан 5% құрайды. Шара 2018 жылдың 2 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 31 тамызына дейін (қоса алғанда) әрекет ететін болады. Ол ЕАЭО кешьюді қайта өңдеуді дамытуға жағдай жасайды және баждармен байланысты белгілі теңгерімсіздікті жояды - қазіргі уақытта тазартылған кешью жаңғағына 0% мөлшерлеме белгіленген.

ЕЭК деректері бойынша, 2017 жылы қабықтағы кешью жаңғақтарының Одаққа импортының жалпы көлемі 2016 жылмен салыстырғанда сегіз есеге қысқарды және 549,5 мың АҚШ долларына 521,9 т құрады. Жалпы жеткізілім көлемінің 55,2% Беларусь Республикасына тиесілі. Қазақстан Республикасына, Ресей Федерациясына және Қырғыз Республикасына сәйкесінше 28,6%, 10,5% және 5,7% әкелінді.

Қабығы бар кешью Гвинея, Гвинея-Бисау, Иран, Қытай, Нигерия және Вьетнамнан импортталады.

ЕЭК Алқасы, құрамында - ЕАЭО Бірыңғай сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 2106 тауар жайғасымында, илік заттектер мен куркуминнің көзі ретінде тағамға биологиялық белсенді қоспа қолданылатын қосымша заттарды қосылған өсімдік шикізатының қоспасынан жасалған сығынды бар препаратты топтастырды.

Бұл тауар жайғасымына араласқан немесе араласпаған өнімдерден тұратын дәрілік заттар кіреді және емдік немесе профилактикалық мақсаттарда қолданылады.

ЕЭК шешімі ЕАЭО елдерінің бірыңғай тауар номенклатурасын түсіндіру мен қолданудағы айырмашылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Комиссия, бірдей тауар ЕАЭО елдерінің кеден органдарымен әртүрлі жайғасымда топтастырылатын жағдайларда СЭҚ ТН бойынша өнімнің кодын анықтайды, бұл бірыңғай кеден аумағының қызмет ету барысында сыртқы экономикалық қызметті жүргізу үшін әркелкі шарттарды құрады.


СЭҚ ТН түсіндірмесінің Негізі ережесіне сәйкес, сіңірмесі, жабыны және қосарланушылығы жоқ, негізі көптеген полиэфирлі кешенді жіптермен әзірленген жіңішке матаны білдіретін, ені 30 см аспайтын полиэстер лентасы және қос ұштарында жиектері бар несеп ыдысы, ЕАЭО бірыңғай СЭҚ ТН 5806 тауар жайғасымына топтастырылады.

Полиэстер лентасы - тоқыма материалы, оны, әдетте, ілмектерді, жүк көтергіш машиналар мен жүктерді көтеру және жылжыту механизмдеріне арналған тартпа белдеулерді жасау үшін қолданылады.

ЕЭК Алқасының мүшелері шешім қабылдады, оған сәйкес, рұқсат беретін құжат болған жағдайда, ЕАЭО-на өсімдіктерді қорғау құралдарын және көлемі 1-ден 10 мл дейінгі саңылаусыз жабық ампулаға қапталған басқа берік органикалық ластағыштарды әкелуге болады. Олар

зертханалық зерттеулерде, сондай-ақ эталонды үлгі ретінде пайдалану үшін қажет. Ертеректе, Стокгольм конвенциясының берік органикалық ластағыштар туралы нормаларына сәйкес, мұндай заттарды әкелу мүмкін болмаған. Дегенмен, конвенция зертханалық зерттеулерде немесе эталонды стандарт ретінде пайдалануға жататын химиялық заттарды әкелуге тыйым салмайды.

Әкелуге рұқсат беру тәртібі Одақ елдерінің өкілетті органдарының өнім үлгілеріне қатысты қажетті бақылау шараларын қолдануын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Ортақ процестердің тізімін, өзінің құрамына инвестициялық жобалардың бірыңғай тізілімін, технологиялық жабдықтың және оның құрауыштарының бірыңғай тізімін, сондай-ақ шикізаттар мен материалдардың тізімін құру, жүргізу және пайдалануды қамтитын тағы біреумен толықтыру туралы шешім қабылданды. Бұл мемлекеттік және кеден органдарын, Одақ құқығына сәйкес кедендік әкелім бажын төлеуден босату түріндегі тарифтік жеңілдік әсеріне түсетін жобалар және тауарлар туралы шұғыл хабарлап отыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мемлекеттер тізілімге қайсыбір өнімді қосуды жылдам келісе алады, ал кәсіпкерлер үшін, бірыңғай тізімдегі инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде енгізілетін тауарларға қатысты жеңілдіктерді алуға жұмсалатын уақыт және қаржылық шығындар қысқарады.

Мүше мемлекеттердің өкілетті органдарының өкілдерінің қатысуымен өткен Алқа отырысында, Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау қызметінің, биылғы жылдың 6 маусымынан бастап Ресей Федерациясына Беларусь Республикасының барлық аумағында өндірілетін жекелеген сүт өнімдерін жеткізуге шектеулер қою туралы шешіміне сәйкес оқиға да талқыланды. Комиссия Алқасы шешімінің жобасы ЕЭК Алқа отырысында толықтырылады және қарастырылады.