Жүйеге кіру
2025 жылға қаржы нарықтарының интеграциясының әсерлері: ЕАЭО мемлекеттерінің инвестициялық тартымдылығының өсуі, бизнес табысының жоғарылауы және бюджетке аударымдардың артуы

2025 жылға қаржы нарықтарының интеграциясының әсерлері: ЕАЭО мемлекеттерінің инвестициялық тартымдылығының өсуі, бизнес табысының жоғарылауы және бюджетке аударымдардың артуы

14.06.2018

ЕАЭС мемлекеттерінің ұлттық / орталық банктерінің басшылары Санкт-Петербургте өткен Халықаралық қаржы конгрессінде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ қаржы нарығының құрылуы және оны дамыту перспективаларын талқылады.

«ЕАЭО бірыңғай қаржы нарығы: даму параметрлері» дөңгелек үстелінің модераторы болған, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов: «Ортақ қаржы нарығын құру қаржы қызметтерінің және капиталының ЕАЭО ішіндегі еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасауға, инвесторларды және қаржы қызметтерін тұтынушыларын тиімді қорғалуын қамтамасыз етуге, осы қызметтер спектрін және олардың тұрғындарға қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті.

Әкімшілік тосқауылдарды төмендету, ақпаратпен алмасуды жолға қою, қаржы нарығының қатысушылары үшін клиенттік базаны кеңейту және инвестициялық бизнестің рентабельділігін арттыру қаржы нарығындағы табыстылықтың артуына алып келеді. Нәтижесінде ЕАЭО мемлекеттерінің инвестициялық тартымдылығы өседі, бизнестің табысы жоғарылайды, бюджеттерге аударымдар артады.

ЕЭК министрінің айтуы бойынша, қазіргі кезде ЕЭК-ның Одақ мемлекеттерінің үкіметтік және ұлттық / орталық банктерімен ЕАЭО ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының жобасын дайындау бойынша бірлескен жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. ЕАЭО мемлекеттері президенттері мұндай тапсырманы 2016 жылдың желтоқсанында берген. Тимур Жақсылықов: «Бізге жақын арада өзара тиімді шешімдерді табу және біздің президенттерге құжаттың келісілген жобасын ұсыну мүмкіндігіміз болады дегенге сенемін», - деп баса айтты.

Сондай-ақ, ол ЕЭК тарапынан әзірленген, Одақ мемлекеттерінің ортақ қаржы нарығын құру жөніндегі басқа құжаттарды да атап өтті. Бұл, жақында мемлекет ішіндегі рәсімдер аяқталған Қаржы нарығы саласындағы заңнаманы үйлестіру туралы келісім жобасы, 2016 жылдың қазанында күшіне енген Қаржы саласындағы ақпаратпен алмасу туралы келісім, Бірыңғай биржалық кеңістік құру туралы келісім жобалары. Осы келісімдерді іске асыру Одақ мемлекеттерінің қаржы жүйелерінің өзара әрекеттерінің тереңдеуіне және ортақ қаржы нарығын құруға көмектеседі.

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөнідегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая, пікірталас қатысушыларының назарын , интеграциялық процестердің мақсаты ортақ нарықтарды, соның ішінде қаржы нарығын және олардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін және ұлттық экономикалардың ерекшеліктерін ескеретін механизмдерді құру болып табылатындығына аударды. Осыған байланысты, Татьяна Валовая, макроэкономикалық саясатты үйлестіруді күшейту пайдасына бірқатар аргументтер келтірді және БАҚ мерзімді пайда болатын ЕАЭО мүше мемлекеттердің ортақ валютасын енгізу туралы ұсыныстарды түсіндіріп өтті.

ЕЭК министрінің пікірінше, интеграцияның ағымдағы кезеңінде, бірыңғай валютаны енгізуге маңызды саяси және экономикалық алғы себептер жоқ. Татьяна Валовая өзара сауданың арттыру қажеттілігі, мүше мемлекеттер арасында ұлттық валюталарды қолдануды кеңейту, мемлекеттер арасында ынтымақтастықтың тиімді механизмдерін құру қажеттілігін атап көрсетті. «Егер Одақ тиімді болмаса, оны ешбір валюта, ешқандай мемлекет құтқара алмайды», - деп хабарлады ЕЭК министрі.

Өзінің сөз сөйлеуінде, ЕЭК министрі Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың институционалдық үлгісінің, соның ішінде бірыңғай нарық құру бойынша, сондай-ақ негізі - конвергенция критерийлері бар макроэкономикалық саясатты үйлестіру амалдарын құру бойынша мақсаттарының ұқсастығына назар аударды. Сонымен бірге, министр «бірыңғай қаржы нарығы құрылған жағдайда толығымен бөгде тәжірибені көшіріп алудың қажеті жоқ, біз өмір сүріп жатқан уақытты, және экономикалардың құрылымын ескеру қажет, дәл сол қателерді қайталамау керек, қабылданатын шешімдердің ықтимал салдарларын бірнеше қадам алға есептеп отыру қажет» деп баса айтты.

Татьяна Валовая ЕЭК және аймақтық қаржы институттарының (Еуразиялық даму банкі және Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының) келісіп жұмыс жасаудың қажеттілігі, сонымен қатар, экономикалық даму тұрақтылығын және интеграциялық органдардың шешіміне жоғары заңды күш беруді анықтайтын сандық көрсеткіштерді сақтау бойынша мүше мемлекеттерге ұсыныстар дайындау кезінде қаржылық құрауыштарды күшейту қажеттілігі туралы мәселені қозғады. «Комиссия ЕАЭО мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдайлы тұрақтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеп жатыр, алайда бұл ұсыныстар елдерге қажетті қаржы ресурстарын ұсыну қоса берілмейді», - деп мәлімдеді министр.

Алқа мүшесі жаңа беталыстарға және қаржы нарығы ландшафтының өзгеруіне, реттеу амалдарын дайындау кезінде нені ескеру қажет екендігіне назар аударды. Мысалы, криптовалюталар нарығының пайда болуы және дамуы реттеу органдарынан, қаржы саласындағы заңнаманы құру барысында біркелкі амал жасап шығаруды талап етеді.

Ұлттық реттеуіштердің өкілдері, олардың 2025 жылға және одан қашық перспективада қаржы нарығының интеграциясынан қандай жоғары ұлттық және ұлттық әсерлерді күтетіндігі жайлы пікірлерімен бөлісті.

Армения Республикасының Орталық банкі төрағасының орынбасары Вахтанг Абрамян, қаржы саласындағы біріккен платформаларды құрудың әмбебап тәсілдері мен стандарттарын әзірлеу қажеттілігін айтып өтті. «Барлығы болмаса да, біздің елдердің бірнешеуі, қаржы нарығы саласындағы жаңа технологияларды қолдана отырып жаңа жобалармен жұмыс істеп келеді. Осы жерде де мен, әмбебап тәсілдерді және стандарттарды әзірлеу, заңнаманы үйлестіру сөзсіз барлығына пайда әкелетіндігіне толық келісемін», - деді Абрамян.

Беларусь Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы төрағасының орынбасары Сергей Калечицтің пікірі бойынша, ортақ нарық аясындағы барынша еркін және ашық бәсекелестікті құру тұтынушыларға және ақырғы нәтижесінде, Одақ елдерінің экономикасын бірқатар артықшылық берер еді. Калечиц, дәл «біздің кеңістіктің ішіндегі барлық осы нарықтардағы осындай барынша адал бәсекелестікке қол жеткізу - біздің экономикалық интеграцияның негізгі мақсаты болып табылады».

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Төрағасы Данияр Акишев, дұрыс амал қолданған жағдайда, ЕАЭО кеңістігінде қаржы нарықтары ақырғы нәтижесінде үлкен интеграциялық әсерді қамтамасыз етуі тиіс деген пікірін білдірді. «Біздің жаһандық мақсат, бөгде құқықтық реттеуі бар өріс құру емес, керісінше, бәсекелестікті арттыру және ЕАЭО қаржы нарығының халықаралық қаржылық қатынастарға толық қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге, Одақтың ортақ қаржы нарығын құру және дамыту жолында қатысушы елдердің жергілікті нарықтарының бәсекелестігінің болуы сөзсіз болып табылады», - деп, Қазақстанның Ұлттық банкінің басшысы өз ойын түйіндеді.

Данияр Акишев, сонымен бірге, ортақ қаржы нарығының қызмет етуі, қадағалаушы ақпараттарға өзара қолжетімділікті алу мақсатында реттеуіштердің арасындағы тығыз өзара әрекеттестікті талап етеді деп баса айтты.Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы: «Осы бағыттағы бірінші маңызды қадам әлдеқашан жасалған - 2014 жылы қол қойылған Ақпаратпен, соның ішінде құпия ақпаратпен алмасу туралы келісім, қаржы саласында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін қаржы нарықтарында жағдайлар жасау қазірдің өзінде, ЕАЭО елдерінің реттеуіштерінің арасында тиімді қадағалау тәжірибесін өткізу үшін қажетті ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді», - деді.

Өз кезегінде, Қырғыз Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Нурбек Жениш: «Біз макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және келісілген валюта саясатын өткізу жөніндегі механизмдер әзірленеді деп күтеміз. Өздеріңіз білетіндей, тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің қозғалысы ЕАЭО негізі болып табылады. Осы принциптерді ескере отырып, ЕАЭО белгілі елдерінің шарттарының экономика салаларында үйлестірілген келісілген экономика жүргізіліп келеді», - деп өз пікірімен бөлісті.

РФ ОБ Төрағасының бірінші орынбасары Ксения Юдаева, ЕАЭО ортақ қаржы нарығын құру барысында, тәуекелдерді барынша төмендету үшін, басқа бірлестіктердің интеграция тәжірибесін ескерген жөн деп басып айтты: Одақтың қатысушы мемлекеттеріне қосымша мүмкіндіктер жасау тәуекелдердің жинақталуы мен оларды өткізуіне алып келмеуіне тиіс деп баса айтты. Осыған байланысты, РФ ОБ төрағасының бірінші орынбасары «қатысушы елдердің реттеу амалдары мен нормаларын үйлестіру, сондай-ақ қадағалау принциптерін үйлестіру» қажеттілігін атап көрсетті. Оның пікірі бойынша, ортақ кеңістікті құру барысында қазыналық элементсіз мүмкін емес. Соның ішінде, ол Еуроодақта ЕО шеңберінде банктерді қолдауға арналған арнайы қорды құру қажет болғандығын еске салды.

ЕАЭО кеңістігінде қаржы технологияларын дамыту мүмкіндіктері және осы саладағы ықтимал тәуекелдер туралы айта келе, РФ ОБ төрағасының бірінші орынбасары «бірінші кезекте төлем қызметтері технологиясындағы даму туралы айта кеткен жөн, олар елеулі желілік әсерді қамтамасыз етеді» деген өзінің пікірін айтып өтті. Мұнда, сонымен қатар, төлем жүйелерінің бірыңғай стандартын және құрылу принциптерін, ақпараттық алмасу параметрлерін, ақпаратты алуға қол жетімділік ретін талқылау қажет.

Жасанды зиятты қолдану да қауіп төндіреді, деп болжайды Ксения Юдаева. Оның пікірінше, «жасанды зият та, адам сияқты хайуандық мінез-құлыққа бейім». ЕАЭО елдері үшін ортақ қаржы кеңістігін құру барысындағы тәуекелдер тізімін кибертәуекелдер тұйықтайды. Дегенмен, Юдаеваның пікірі бойынша, ортақ қаржы кеңістігінің әзірлеушілері аталып өткен тәуекелдерді, ортақ нарықтың қалыптасу кезеңінде барынша ескеруге тырысуы мүмкін.

Ресей ұлттық қайта сақтандыру компаниясының (РҰҚСК, Ресей Банкінің Еншілес компаниясы) басшысы Николай Галушин, ЕАЭО қатысушы елдерінің ұлттық банктерінің жанынан компанияларды аккредитациялау жүйесін құру бастамасымен сөз сөйледі. Ол, осы тақырыпқа қатысты ұсыныс Бүкілресейлік сақтандырушылар одағының (БСО) жұмыс тобымен әзірленіп жатқандығын мәлімдеді. Сонымен бірге, бүгінгі таңда нарықта одан күшті халықаралық қаржы нарықтарының, соның ішінде құрлықтық Еуропаның бәсекелестігі бар, ал екінші тараптан, - қайта сақтандырушылар ЕАЭО елдерінде әрекет етуші реттеушілік шектеулерге жолығады. Қайта сақтандыруға қойылатын талаптардың жұмсағырақ режимі, ЕАЭО елдерінен келетін тәуекелдерге қатысты әрекет етеді. Арменияда тәуекелдерді қайта сақтандыру тіпті де мүмкін емес, себебі реттеуіштің қайта сақтандырушының рейтингіне қоятын талаптары, ресейлік ел рейтингінің деңгейінен де жоғары, деп әңгімелеп берді РҰҚСК басшысы.


ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес ортақ қаржы нарығы келесі негізгі критерийлерге сәйкес келуі тиіс:
Одаққа мүше елдердің қаржы нарықтарында реттеу және қадағалауға үйлестірілген талаптардың болуы;
банк және сақтандыру секторларында, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы көрсетілетін қызметтер секторында лицензияларды өзара тану;
қосымша заңды тұлғаны құрмастан, Одақтың барлық аумағында қаржы қызметтерін ұсыну;

- ақпаратпен алмасуды қоса алғанда, қаржы реттеуіштерінің арасындағы әкімшілік ынтымақтастық.