Жүйеге кіру
ЕЭК алюминий электр лизерлерінің табандық массасына арналған бажды уақытша нөлге түсірді

ЕЭК алюминий электр лизерлерінің табандық массасына арналған бажды уақытша нөлге түсірді

13_04_2021-3.jpg
13.04.2021
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 13 сәуірде алюминий электр лизерлерін шегендеуге арналған табандық массаға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын бір жыл мерзімге 5%-дан 0%-ға дейін азайты.

Бұл тауар жапсарларды толтыру үшін қолданылады және алюминий өндірісі процесінде электр лизерлерін пайдалану кезіндегі шығасы материал болып табылады. Алюминий өндірісінің үздіксіздігі табандық массаны жоспарлы ауыстыру есебінен қамтамасыз етіледі.

Еуразиялық экономикалық одақта табандық массаны әзірлеу алюминий өнеркәсібі кәсіпорындарының қажеттілігін 75-80% қамтамасыз етеді. Жетіспейтін көлем ішкі бағадан айтарлықтай асып түсетін бағалар бойынша импорттық жеткізілімдермен өтеледі. Бүгінгі таңда ЕАЭО-дағы жаңа алюминий зауыттарының құрылысын ескере келгенде, 2020 жылы импорттық табандық масса сатып алу көлемі артты. 

«Сөйтіп, қабылданған кедендік-тарифтік реттеу шарасы алюминий өндірісінің шығындарын қысқартуға және Одақ мемлекеттерінің алюминий зауыттарын тұрақты өндірістік қызмет үшін қажетті көлемде сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Бұдан басқа, шешім ЕАЭО елдеріндегі алюминийдің өнеркәсіптік өндірісін дамытуға ықпал етеді», — деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Анықтама:

ЕЭК Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 161 шешімімен алюминий электр лизерлерін шегендеуге арналған табандық массаға қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасы 2019 жылғы 19 қазаннан бастап 2020 жылғы 31 қазанға дейінгі аралықта қолданылды.