Жүйеге кіру
Михаил Мясникович: «ЕАЭО мен ТМД-ның стратегиялық құжаттары бірін-бірі өзара толықтырып тұрады»

Михаил Мясникович: «ЕАЭО мен ТМД-ның стратегиялық құжаттары бірін-бірі өзара толықтырып тұрады»

13.03.2020

ТМД-ны экономикалық дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясы мен Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға лейінгі стартегиялық бағыттары Еуразиялық кеңістік елдері халықтарының игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович ТМД Халықаралық экономикалық форумында мәлімдеді. Алқа басшысы бұл құжаттардың қатысушы елдердің экономикаларының өсуін тежеу проблемасын шешуге көмектесетінін де атап өтті.

 

«Біз халықаралық еңбек бөлінісі мен өзара пайдалы әріптестік ынтымақтастық ТМД үшін де, ЕАЭО үшін де басымдық болғанына және солай болып қала беретініне көз жеткізіп отырмыз. Тасқынды инновациялық даму кезінде жеке алғандағы экономиканың, тіпті ол ірі экономика болғанның өзінде шаруашылық қызметінің тиімділігі мүмкін еместігіне сенімдіміз. Сол себепті біздің интеграциялық бірлестіктеріміз: Беларусь пен Ресейдің Одақтың мемлекеті де, Еуразиялық экономикалық одақ та, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы да – өздерінің алдына өскелең экономикалық өсудің барынша өршіл міндеттерін қояды», –  деп атап көрсетті Михаил Мясникович.

«Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стартегиялық бағыттары мен ТМД-ны экономикалық дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясы – бірін-бірі өзара толықтырып тұратын құжаттар, бұлар біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың мүддесі үшін ТМД мен ЕАЭО-ның шоғырландырылған іс-қимылын қамтамасыз етеді», –  деп түйіндеді ЕЭК Алқасының басшысы.

Михаил Мясниковичтің сөзінше, бірінші кезекте жоғары технологиялық қайта бөлісу өндірістерін басымдықпен қалыптастыру, сондай-ақ қолданыстағы өндірістік базистің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен Еуразиялық өнеркәсіптік бизнесті қолдау қажет. «Іс жүзінде инновациялық әрі ғылыми-техникалық дамудың да локомотиві болып табылатын өңдеуші өнеркәсіп көлемінің өсуіне қол жеткізу үшін, оның жалпы ішкі өнімдегі сыбағалық үлесі 25%-дан кем болмауы үшін ЕЭК бәрін жасайтын болады», –  деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Михаил Мясникович ЕАЭО экономикаларын ынталандырудың төрт құралын атады, олар: Еуразиялық трансұлттық корпорациялар құру, ортақ инфрақұрылымдық платформаны дамыту, цифрлық көлік дәліздері жүйесін қалыптастыру және ЕАЭО-дағы тиімді техникалық реттеу.

«Ұйымдастыру жағынан келгенде, бәрін де ірі бизнестің Еуразиялық трансұлттық корпорацияларда шоғырлануы үшін жасауға тура келеді, –  деп мәлімдеді Михаил Мясникович. – Тек сонда ғана бірлескен бизнес болады және интеграцияның мақсаты үшін әкімшілік ресурсты пайдаланудың соншалықты көп қажеті болмайды».​