Жүйеге кіру
ЕЭК пен Ресей Федералдық салық қызметі (ФСҚ) ЕАЭО елдері салық органдарының ақпараттық өзара іс-қимылын жетілдіру тәсілдемелерін айқындады

ЕЭК пен Ресей Федералдық салық қызметі (ФСҚ) ЕАЭО елдері салық органдарының ақпараттық өзара іс-қимылын жетілдіру тәсілдемелерін айқындады

original.jpg
13.02.2020

12 ақпанда Мәскеуде ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов пен Ресей ФСҚ басшысы Даниил Егоров Еуразиялық экономикалық комиссия мен Федералдық салық қызметінің салық органдарының бірыңғай интеграцияланған ақпараттық цифрлық платформасын қалыптастыру үшін ЕАЭО елдерінің ақпараттық жүйелерін ұштастыру жөніндегі өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады.

ЕЭК министрі Тимур Жақсылықов мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерінің үштасуын дамытудың негізгі трендтері ретінде мыналарды: трансшекаралық электрондық құжат айналымын, тауарларды таңбалауды қоса алғанда, цифрлық қадағалануды, сондай-ақ ЕАЭО-ның барлық аумағында салық төлеушілер мен салық органдарының өзара іс-қимылы үшін арнайы интерфейстерді қолдануды атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ЕАЭО елдері салық органдарының ақпараттық өзара іс-қимылын жетілдіру тәсілдемелерін айқындады. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс жанама салықтарды өндіріп алу жүйесін жетілдіру басымдықтарын іске асыруға жәрдемдесетін болады, бұл Одақ мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығын жандандырудың маңызды факторы болады.

Тимур Жақсылықов пен Даниил Егоров ЕЭК Алқасы жанындағы Салық саясаты және әкімшілендіру жөніндегі консультативтік комитеттің ағымдағы жұмысын: ЕАЭО туралы шарттың ережелерін жетілдіруді, ЕАЭО шеңберінде электрондық саудаға салық салу жүйесін құруды, Одақ елдерінің құзыретті органдары арасындағы ақпарат алмасуды талқылады.