Жүйеге кіру
ЕЭК-те қол жеткізілген уағдаластықтар ұлттық кәсіпорындар шығарған ауыл шаруашылығы техникасының ЕАЭО нарығына жеткізілімінің өсуін қамтамасыз етеді

ЕЭК-те қол жеткізілген уағдаластықтар ұлттық кәсіпорындар шығарған ауыл шаруашылығы техникасының ЕАЭО нарығына жеткізілімінің өсуін қамтамасыз етеді

13.02.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаментінде өткізілген Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымын енгізу бойынша консультациялар шеңберінде тиісті нормативтік-құқықтық актіні түзету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ресей және Беларусь сарапшыларының пікірінше, ауыл шаруашылығы техникасының жекелеген шетелдік өндірушілеріне кәдеге жарату алымын Қазақстан Республикасында төлемеуге мүмкіндік беретін алып қоюды бекітіп беретін бұл құжат ЕАЭО елдерінің өндірушілерін шетелдік ауыл шаруашылығы техникасын дайындаушылармен тең емес бәсекелестіктің жағдайларында қалдырады.

Мысал ретінде Беларусь сарапшылары Беларусь Республикасы өндірісінің техникасына қарағанда (Американың Massey Ferguson MF-6700 және Беларусьтің «Беларус-1221.2» тракторлары салыстырылды) үшінші елдер өндірісінің ауыл шаруашылығы техникасының түпкілікті бағасы қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін үлкен тартымдылықты бейнелейтін есептеулерді келтірді.

Өз кезегінде «Росспецмаш» қауымдастығының өкілі кәдеге жарату алымын енгізу жыл басынан бері Қазақстан Республикасына ресейлік ауыл шаруашылығы техникасы жеткізілімін тоқтатқанын, соның салдарынан ресейлік өндірушілер 100 млн рубльге жуық жоғалтқанын мәлімдеді.

Бұл жағдаят Қырғыз Республикасының кәсіпорындарына - Беларусь және Ресей ауыл шаруашылығы техникасы үшін жиынтықтаушы бұйымдар жеткізушілерге де теріс әсер етеді.

Қалыптасқан талқылауды ескере келе, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі ЕАЭО-ның және алыс шет елдердің ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілері үшін Қазақстан Республикасының нарығына қол жеткізудің тең жағдайларын сол арқылы қамтамасыз ете отырып, № 95 бұйрықты түзету бойынша рәсімді бастауға келісті.