Жүйеге кіру
Лусине Тумян ЕЭК-тің Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Лусине Тумян ЕЭК-тің Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Фото Лусине Тумян-12_02_2021.jpg
12.02.2021

Лусине Вачеевна Тумян 1995 жылы Ереван мемлекеттік университетін, 1999 жылы – Арменияның Америка университетін бітірген. Экономика ғылымының кандидаты. Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Еңбек қызметін 1989 жылы бастады. Бірқатар халықаралық ұйымда, банк секторында жұмыс істеді, кәсіпкерлік қызметпен айнадысты.

Оқытушылық жұмыста мол тәжірибесі бар. 2011-2014 жылдары және 2018-2020 жылдары Еревандағы Еуропалық өңірлік білім беру академиясында оқытушы болды. 2019-2020 жылдары – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Ереван филиалында жұмыс істеді.

2009 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі аралықта Армян даму агенттігінің экспортты және кәсіпорындарды дамыту департаментінің директоры болып істеді.

2016 жылдан 2018 жылға дейін Армения Республикасының Халықаралық экономикалық интеграция және реформалар министрлігінде әртүрлі қызметтер атқарып, соңғы кезеңінде Арменияның вице-премьер-министрі — Халықаралық экономикалық интеграция және реформалар министрінің бас кеңесшісі болып істеді.

2018-2021 жылдары Армения Республикасы Премьер-министрі аппаратының халықаралық экономикалық интеграция департаментін басқарды.

2021 жылғы 12 ақпаннан бастап ЕЭК-тің Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.​