Жүйеге кіру
ЕЭК Көлік және инфрақұрылым бойынша Консультативтік комитеттің автомобиль көлігі бойынша ішкі комитетінің алғашқы отырысы болып өтті

ЕЭК Көлік және инфрақұрылым бойынша Консультативтік комитеттің автомобиль көлігі бойынша ішкі комитетінің алғашқы отырысы болып өтті

13.03.2013

12-13 наурыз күндері Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Асқар Баталов Мәскеу қаласында ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментіндегі автомобиль көлігі бойынша ішкі комитеттің алғашқы отырысын өткізді.

Отырыстың барысында күн тәртібіндегі келесі басты мәселелер талқыланды: БЭК аясында автомобиль жүк көлігі қызметтерінің нарығын дамыту және КО сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру туралы Келісімді іске асыру мәселелері.

Осыған орай, ішкі комитет БЭК аясында автомобиль жүк көлігінің шарттарын реттеудің негізі қағидаттарын іске асыру мақсатында құжаттарды дайындау Жоспары мен КО сыртқы шекарасында көліктік (автомобиль) бақылауды жүзеге асыру туралы Келісімді іске асыру мақсатында құжаттардың жобаларын әзірлеу Жоспарын қабылдады.

Отырыстың аясында халықаралық көлік тасымалы саласындағы кедергілердің тізбесі егжей-тегжейлі талқыланды.

Ішкі комитеттің мүшелері кедергілердің пайда болу себептеріне талдау өткізу, оларды жою шараларын айқындау әрі Көлік және инфрақұрылым бойынша Консультативтік комитеттің мәжілісі және КО мен БЭК мүше елдердің көлік министрлерінің кезекті мәжілісіне мәліметтер енгізу бойынша шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Еуропалық одақпен және автомобиль көлігі саласындағы халықаралық ұйымдармен үшжақты форматта іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар қаралды, ішкі комитеттің 2013 жылға арналған егжей-тегжейлі жоспар-кестесі қабылданды.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.