Жүйеге кіру
ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым бойынша Министрі Даниал Ахметов БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Ішкі көлік бойынша Комитетінің сессиясына қатысты

ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым бойынша Министрі Даниал Ахметов БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Ішкі көлік бойынша Комитетінің сессиясына қатысты

27.02.2013
26 ақпан күні Женева қаласында өткізілген Еуропалық экономикалық комиссиясының Ішкі көлік бойынша Комитетінің 75-ші мерейтойлық сессиясы аясында өткізілген көлік министрлерінің Мәжілісіне Энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Даниал Ахметов қатысты.
Сол Мәжілісте еуразиялық көлік қатынастарын дамыту әрі ортақ теміржол құқықтарын түзу мәселелері қаралды.
Мәжілісте өткізіліп жатқан пікірсайыстың аясында Даниал Ахметов КО мен БЭК мүше мемлекеттердің келісілген көлік саясаттарындағы бағыттардың бірі ретінде халықаралық көлік дәліздерін дамыту бойынша ЕЭК жүргізіп отырған жұмыстар жайлы хабардар етті.
«Транссібір, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізі», әрі алдағы болашақта Солтүстік теңіз жол қатынасы да елеулі өркендеу әлеуетіне ие болмақ. Осы аталған көлік бағыттарының ең басты артықшылықтары – тез арада жеткізудің қысқа мерзімдері, жүк тасымалының қауіпсіздігі», - деп айтып өтті Даниал Ахметов.
Мәжілістің күн тәртібін талқыға салу қорытындысы бойынша көлік министрлері тиісті бірлескен мәлімдемелерді қабылдады.
Тап сол күні Даниал Ахметовтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Свен Алкалаймен кездесуі болып өтті. Сұхбат барысында көлік пен энергетика салаларын дамыту турасындағы өзара мүдделерді туындатып отырған бірқатар мәселелер талқыланды. Осы салаларда Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы арасындағы ынтымақтастық бойынша жасалатын нақты қадамдар белгіленді.