Жүйеге кіру
ЕАЭО-ның ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру бағдарламасы іс жүзінде келісілді

ЕАЭО-ның ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру бағдарламасы іс жүзінде келісілді

IMG_6209_Шенец_Конференция_RPI_1.jpg
12.12.2017

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру бағдарламасы іс жүзінде келісілді. Реттелмеген бір мәселе қалды, ол қазір  белсенді талқылану үстінде. Бұл туралы  RPI агенттігі ұйымдастырған «РФ мұнай өнімдерінің нарығы-2017» халықаралық конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Энергетика департаментінің директоры Леонид Шенец хабарлады.

Тұтынушылар үшін мұнай өнімдерінің бағасын азайту және  тұтыну көлемін өсіру,  нарыққа қатысушылар үшін  өткізу нарықтарын кеңейту - міне Ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру бағдарламасын іске асырудың  негізгі тиімділіктері осындай деді  Леонид Шенец.  

«ЕАЭО шеңберіндегі өзара іс-қимыл ойдағыдай қарқынмен дамып келеді» деп санайды РФ Энергетика министрінің орынбасары Кирилл Молодцов.

Федералдық монополияға қарсы қызмет басшысының орынбасары Анатолий Голомолзин атап өткендей, ЕАЭО елдерінің ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру ең бастысы биржалық саудаға сүйенеді. Бұл ретте Беларусь қатысушыларының  Ресей алаңында -  «Санкт-Петербург Халықаралық тауар-шикізат биржасында» сауда-саттықтарға қазірдің өзінде қатысып жүргенін айтқан жөн.
Ортақ нарық 2025 жылдан бастап құрылады деп күтілуде. Бұл уақытқа дейін тараптар мұнай және мұнай өнімдерінің биржалық саудасын жүргізу қағидалары мен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын қоса,  мұнай және мұнай өнімдері саудасының қағидаларын әзірлеуді жоспарлауда, дейді Леонид Шенец.

ЕАЭО-ның ортақ кеңістігі қалыптасуының шеңберінде газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің индикативті балансы қалыптастырылды,  бұлар үздіксіз жұмыс үшін олардың өсу қарқынын және мүше мемлекеттер экономикаларының барлық саласының орнықты дамуын ескере отырып, ұлттық экономикалардың қажеттілігін толық көлемінде қамтамасыз етеді.