Жүйеге кіру
Мажарстан реттеушісі ЕЭК-пен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

Мажарстан реттеушісі ЕЭК-пен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

12.12.2016

2016 жылғы 9 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Адамкул Жунусов Будапеште Мажарстанның Энергетика және қоғамдық қызметтер көрсету жөніндегі басқармасының вице-президенті Атилла Никошпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуде Мажарстанның энергетикалық нарықтарын реттеу, сондай-ақ ЕО ортақ еуропалық электр энергетикалық және газ нарығын құру мәселелері қаралды.

Адамкул Жунусов Мажарстан тарапын Комиссияның құзыреті және оның Еуразиялық экономикалық одақтың энергия ресурстарының ортақ нарықтарын құру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Атилла Никош ЕАЭО мен Жібек Жолы Экономикалық белдеуін ұштастыру мәселесіне зор қызығушылық білдірді.

Тараптар осы бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты.

Сол күні Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығының (ЭРРА) бас хатшысы доктор Габор Сьоренимен және ЭРРА хатшылығының басшысы Кристина Касамен кездесу болды.

Қауымдастық басшылары министрді ұлттық энергетикалық нарықтарды реттеу және энергия ресурстарының өңірлік нарықтарын құру және оның жұмысы кезінде ұлттық реттеушілердің өзара іс-қимылы бойынша жинақталған тәжірибе туралы хабардар етті.

ЭРРА өкілдері үшін ЕЭК энергетика және инфрақұрылым блогының ЕАЭО энергия ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі қызметінің таныстырылымы өткізілді.

Тәжірибе алмасу жөніндегі ынтымақтастықты ұйымдастыру мақсатында тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін талқылады. 2017 жылдың басында мұндай меморандум жобасын дайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.