Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның «Энергия тұтынушы құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентін қабылдады

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның «Энергия тұтынушы құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентін қабылдады

12.08.2019
Құжат тоңазытқыштарға, теледидарларға, компьютерлерге, кір жуатын және ыдыс жуатын машиналарға, ауа кондиционерлеріне, бөлме желдеткіштеріне, су сорғыларына және басқа электр аспаптарына қолданылады. Оны бұл аспаптардың энергетикалық тимділігін қамтамасыз ету және сол арқылы энергия ресурстарын үнемдеу үшін Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен бірлесіп әзірледі.

Бұдан басқа, ЕАЭО техрегламенті алақол кәсіпкерлердің кейде осындай құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қатысты тұтынушыларды адастыруға соқтырып жататын іс-әрекеттерінің алдын алуға көмектеседі.

Тұтынушыларды жақсырақ хабардар ету үшін энергия тұтынушы құрылғылардың жекелеген түрлері энергетикалық тиімділік туралы арнаулы этикеткамен және техникалық парақпен жабдықталатын болады. Осындай құрылғылардың энергия тиімділігінің сыныптары белгіленеді. Техрегламент Комиссияның энергетикалық тиімділік этикеткаларының нысанын бекітуін де көздейді.

Энергия тұтынушы қондырғылар тек аталған техникалық регламенттің және оларға қолданылатын басқа да техрегламенттердің нормаларына сай келсе ғана әрі сәйкестікті бағалаудың белгілі бір рәсімінен өткен жағдайда Одақ нарығына шығарылатын болады. Олар ЕАЭО нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбаланады.

ЕЭК Кеңесінің шешімімен Одақ техрегламентінің жекелеген талаптарының кезең-кезеңімен күшіне енуі белгіленген, бұл энергия тұтынушы құрылғылар шығарушылардың бірыңғай міндетті талаптарға біртіндеп ауысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.