Жүйеге кіру
Тигран Саркисян: «Спорттағы интеграция Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытуға мүмкіндік береді»

Тигран Саркисян: «Спорттағы интеграция Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытуға мүмкіндік береді»

12.08.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) төрт елінің баскетбол клубтары басшыларының Еуразиялық баскетбол лигасының президенті Карен Гилоян басқарған делегациясын қабылдады. Кездесу қатысушылары - «Арагац» БК президенті Дэвид Джонтоян (Армения), Беларусьтің Могилев облысы Баскетбол федерациясының вице-президенті Виталий Игнатович (Беларусь), «Атырау» БК президенті Болат Мұхамбетқалиев (Қазақстан), «Арсенал» (Тула) БК президенті Виктор Усков (Ресей), Мәскеу қаласы Баскетбол федерациясының вице-президенті Ваграм Вардумян (Ресей) болды.

Кездесуді аша келіп, Тигран Саркисян:
«Біз – экономикалық ұйымбыз. Спорт мәселелері ЕЭК құзыретіне кірмейді. Алайда спорттағы интеграция Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытуға мүмкіндік береді. Сол себепті біз Еуразиялық баскетбол лигасының құрылуын құптаймыз»,- деп мәлімдеді. Тигран Саркисян лиганың ұйымдастырушыларына табыс тілеп, олардың бастамасының өркен жаюына тілектестік білдірді.

Өз кезегінде
Еуразиялық баскетбол лигасының президенті Карен Гилоян ЕЭК Алқасының Төрағасына қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. «Лига өзінің бірінші маусымына кірісті, бірақ қазірдің өзінде біз қатысушылардың саны бойынша да, ЕАЭО елдері командаларының, сондай-ақ байқаушы елдер клубтарының артуы есебінен спорттық-маркетингтік жағынан да, алысты көздеп отырған жоспарларымыз туралы айта аламыз,- деп атап көрсетті ұйым басшысы.- Лига Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы өзара қарым-қатынастарды жолға қоюдың және бір құралы болады».

Карен Гилоян ұйымның зор болашағына үміт артатынын атап өтті:
«Біз лигаға мүше мемлекеттердің ғана емес, әлемнің басқа елдерінің де командалары енеді деп санаймыз».

Лига президенті үстіміздегі жылғы 1 қазанда Ереванда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қарсаңында лиганың бірінші матчы жоспарланып отырғанын, оған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары шақырылатынын хабарлады. Еуразиялық баскетбол лигасын Халықаралық баскетбол федерациясының (ФИБА) ресми растауы биылғы 28 тамызға белгіленген.

Анықтама
Еуразиялық баскетбол лигасы – ЕАЭО елдерін білдіретін командалар арасында өткізілетін бірінші ресми жарыс. Еуразиялық лига мүше мемлекеттердің спорт саласындағы ынтымақтастығын тереңдету үшін құрылған. Лиганың ерекшелігі мынада: ойыншылары – Одақ елдерінің азаматтары болып табылады, лиганың кез келген командасында легионерлер жоқ. Бұл ЕАЭО туралы шарттың еңбек көші-қоны саласындағы ережелеріне сәйкес келеді. Турнирдің мақсаты қатысушы елдерде баскетболды дамыту үшін алаңдар құру болып табылады. Ол ЕАЭО ішінде спорттық еңбек көші-қонына ықпал ететін болады.

Еуразиялық баскетбол лигасын құру идеясы Ереванда 2018 жылғы 23-26 ақпанда «ЕАЭО кубогы» баскетбол турнирін өткізгеннен кейін пайда болды. Сол кезде турнирге
Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресей командалары қатысқан еді. «ЕАЭО кубогын» Еуразиялық лига етіп қайта құруда уағдаластыққа қол жетті. Идеяны клубтар және Халықаралық баскетбол федерациясы қолдады.

Бүгінгі таңда Еуразиялық баскетбол лигасын алты команда білдіреді:

«Урарту» (Ереван қ., Армения),

«Арагац» (Ереван қ., Армения),
«Борисфен» (Могилев қ., Беларусь),
«Барсы» (Атырау қ., Қазақстан),
«Арсенал» (Тула қ., Ресей),
«МБА» (Мәскеу қ., Ресей).

Жаңа турнир айналма жүйе бойынша Финалға төртеуді шығара отырып 2020 жылғы наурызда өткізілетін чемпионатты білдіреді.

Лига туралы толығырақ мына сілтеме бойынша қараңыз: 
https://eal-basket.com/​