Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына арналған маркаларды айналысқа енгізді

ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына арналған маркаларды айналысқа енгізді

12.08.2019

9 тамызда Чолпон-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аяқталғаннан кейін мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары Одақтың бес жылдығы құрметіне Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің пошта қызметтері шығарған естелік маркаларды өтеді.

Рәсімге Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Сергей Румас, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин, Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Мухамметкалый Абулгазиев және Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведев қатысты.

Марка миниатюраларының түпүлгісі ретіндегі көркем бейненің негізіне біздің мемлекеттеріміздің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жақындасуының және экономиканың өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырған оның интеграциялық әлеуетін дамытудың айрықша маңыздылығы идеясы, сондай-ақ Еуразия халықтарының тарихи ортақтығы мен ғасырлық достық дәстүрлері және тату көршілік идеясы алынған. Минатюралар дизайнында бұл бейнелі түрде Еуразиялық экономикалық одақтың ұлттық және интеграциялық сегменттерін қамтып көрсететін көркем элементтердің тығыз өзара іс-қимылында өрнек тапқан.

Белорус, қазақ, қырғыз және ресейлік маркаларына негіз болған Еуразиялық пошта миниатюраларының түпүлгісін Беларусь, Қырғызстан және Ресей дизайнерлері бірлесіп жасады; армян маркасын ұлттық дизайнерлер жеке-дара жасады.

Өтеу үшін дайындалған маркалар салынған конверттер, сондай-ақ шағын маркалық парақтар аз таралыммен арнайы шығарылған кәдесыйлық филателистік альбомдарға орналастырылған, олардың айқара ашылған беттері бұл бірлескен шығарылымға және өтеуге қатысқан бес мүше мемлекеттің бірінші күнгі маркалары мен конверттерін ұсынады.

ЕАЭО елдерінің шығарушы қызметтері шағын маркалық парақтармен және бірінші күні өтелген маркалар салынған бірінші күнгі конверттерімен кәдесыйлық филателистік буклеттер де дайындады.

Бұл - Еуразиялық маркалардың екінші бірлескен шығарылымы. Мұндай бірінші шығарылым 2015 жылы болып өтті және ол 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына және 2015 жылғы 1 қаңтардан ЕАЭО-ның жұмыс істей бастауына арналды. Бұл маркаларды өтеу де ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының қатысуымен жоғары деңгейде өткізілді. Елдерді біріктіретін жаңа, игі дәстүр қалыптасуда.

Еуразиялық экономикалық комиссия тарапынан ЕАЭО-ның бес жылдығына арналған естелік пошта маркаларын бірлесіп шығару жобасына Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Сергей Шухно басшылық жасады, жұмыс тобына Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары Гоар Барсегян жетекшілік етті. ­Өтеуге арналған альбомның көркемдік тұжырымдамасын және дизайнын кітап суретшісі Сергей Астафуров жасады.​