Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Серік Жұманғарин ЕАЭО бәсекелестік құқығына сарапшылық шолу шеңберіндегі бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарды

ЕЭК министрі Серік Жұманғарин ЕАЭО бәсекелестік құқығына сарапшылық шолу шеңберіндегі бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарды

12.07.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) ұлттық монополияға қарсы ведомстволармен өзара іс-қимылын күшейту және Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) трансшекаралық нарықтарында бәсекелестікті бұзушылар үшін жазаны жұмсарту бағдарламасын әзірлеу - осы және басқа да ұсынымдар бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі БҰҰ Сауда және даму конферециясының (БҰҰ СДК) бөлімшесі ұсынған ЕАЭО бәсекелестік құқығына сарапшылық шолуды қамтиды. Шолудың таныстырылымы Швейцарияда, Женева қаласында өткен БҰҰ СДК бәсекелестік саласындағы заңнама және саясат жөніндегі Үкіметаралық сарапшылар тобы 18-сессиясының түбірлі оқиғасы болды.
ЕЭК-тің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Серік Жұманғариннің пікірінше, шолу ЕАЭО-ның бейіндік нормативтік-құқықтық базасына өзгерістер дайындау үшін ерекше өзекті болады.
«Ынтымақтастықтың мұндай форматы тиімді әрі пайдалы. Комиссия кейбір мәселелерге басқа тұрғыдан қарады, ал БҰҰ СДК нақ осы сарапшылық шолуды жасаудың бірегей тәжірибесіне ие болды»,- деп атап өтті министр.
Таныстырылым аяқталған соң ОАР Бәсекелестік жөніндегі комиссиясы комиссарының орынбасары Муало Хардин Ратшисусу мұндай шолуларды өткізу практикасының маңызды екенін атап өтті, өйткені «біз ЕАЭО – БРИКС желісі бойынша тығыз ынтымақтастықтамыз және алынған білім біздің бірлескен жұмысымызды байытады» деді ол.
Ресей ФМҚ басшысының орныбасары Андрей Цыганов шолуда айтылған Комиссия мен ЕО мемлекеттері үшін құпиялы ақпаратты айқындауға қойылатын бірыңғай тәсілдемені тұждырымдау қажеттігі туралы идеяны қолдады.
Ресейлік реттеушінің өкілі сонымен бірге «Одақ туралы шартқа кез келген өзгеріс мүше мемлекеттердің бәсекелестік заңнамасына өзгерістер енгізуге соқтыратынын» атап көрсетті.
БҰҰ Сауда және даму конферециясының хатшылығы БҰҰ СДК Пікірсайыс тобының трансұлттық корпорациялардың шектеулі іскерлік практикасына және трансұлттық сипаттағы бәсекелестік қағидаларын бұзуға қарсы іс-қимыл жөніндегі бәсекелестік ведомстволарының халықаралық ынтымақтастығының Нұсқамалық қағидаттары мен рәсімдерін дайындау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысы туралы баяндаманы ұсынды. Серік Жұманғарин әзірленген құжат бәсекелестік ведомстволарының ұлттық нарықтарда да, сол сияқты трансшекаралық сипаттағы нарықтарда да бәсекелестікті бұзушылықтардың жолын кесу және жою жөніндегі тиімді жұмысына ықпал ететін болады деп атап өтті.
Сессия аясында ЕЭК Алқасы мүшесінің БҰҰ СДК бас хатшысы Мукиса Китуйимен кездесуі болып өтті, онда да қатысушылар өзара іс-қимылдың, соның ішінде БҰҰ СДК шолуында ұсынылған сарапшылар ұсыныстарын іске асыру шеңберіндегі векторларын айқындады.
Бұдан басқа, Серік Жұманғарин Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) өкілдерімен кездесті. Кездесу қорытындылары бойынша ұйыммен ынтымақтастықтың жекелеген бағыттарын дамыту туралы уағдаластыққа қол жетті.