Жүйеге кіру
ЕАЭО-да үшінші елдерге экспорттаушылар көтермеленеді

ЕАЭО-да үшінші елдерге экспорттаушылар көтермеленеді

12.07.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин халықаралық кооперация және экспорт саласындағы «Жыл экспорттаушысы» Бүкілресейлік конкурсының жеңімпаздарын марапаттады. Салтанатты рәсім Екатеринбург қаласында Өндіріс пен индустрияландырудың GMIS-2019 жаһандық саммиті шеңберінде өтті.

«Экспорттық қызмет – әрбір ел мен фирма үшін маңызды бағыттардың бірі. Жеңімпаздың басқа қатысушылар ұмтылуға, тіпті асып түсуге, одан да жоғары нәтиже көрсетуге тиісті биіктік пен мақсатты белгілегені маңызды. Жыл өткен сайын «Жыл экспорттаушысы» конкурсына қатысушылар номинацияларының саны арта түседі, ал сыйлық алу жолындағы бәсеке өсе түседі деп үміттенемін»,- деп мәлімдеді Александр Субботин.

ЕЭК министрі экспорттаушылардың сіңірген еңбегін мемлекеттік тану бұдан әрі дамудың және неғұрлым жоғары деңгейге шығудың қосымша ынталандырмасы және уәждеуіші болып табылады, деп атап өтті.

Жеңімпаздар ескерткіш дипломдар мен жеңімпаз мүсіншесін «Ресей экспорт орталығы» АҚ бас директоры Андрей Слепнёвтің, Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Алексей Груздевтің қолынан да алды.

«Ресей экономикасы үшін экспортты, бірінші кезекте шикізаттық емес, энергетикалық емес экспортты дамыту қажеттігіне көз жетіп отыр. Сыйлық экспортқа бағдарланған отандық бизнесті қолдау және дамыту үшін белгіленген болатын. Экспорттық қызметтің «чемпиондарын» атап өту, олардың көрсеткіштерін мемлекеттік деңгейде тану біз үшін маңызды. Біз елдің әртүрлі өңірлеріндегі көптеген компаниялар өздерінің өнімдері мен технологияларын экспортқа шығаратынын көріп отырмыз, өйткені шетелде ресейлік өнімдердің сұранысты екені белгілі. Біздің конкурсымыз – экспорттаушыларды көтермелеу ғана емес, сонымен бірге халықаралық сауда процесіне әзірге кірісе қоймағандарды уәждеу», - деді Андрей Слепнёв.