Жүйеге кіру
ЕЭК пен Эфиопия бірлескен жұмыс жоспарын талқылады

ЕЭК пен Эфиопия бірлескен жұмыс жоспарын талқылады

IMG_3598.jpg
12.02.2020

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьевтің Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алемайеху Тегену Аргаумен жұмыс кездесуі барысында Еуразиялық экономикалық комиссия мен Эфиопияның өзара іс-қимылының перспективалары талқылаудың басты нысанасы болды.

ЕЭК министрі мен Эфиопияның дипломатиялық миссиясының басшысы, өзге жәйіттермен қоса, меморандум форматындағы диалогқа іскер топтарды қосу мәселесі, сондай-ақ ЕАЭО-дағы кедендік реттеудің кейбір аспектілері сөз болды.

«2019 жылғы 24 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Африкалық одақ Комиссиясы (АОК) арасындағы экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум екі өңірдің сауда және экономикалық қатынастарын дамытуға жаңа серпім берді, - деп мәлімдеді Сергей Глазьев. - Біз қазірдің өзінде бірқатар субөңірлік бірлестіктер мен Африка континентінің жекелеген елдері тарапынан ЕАЭО-мен өзара іс-қимылға деген қызығушылықтың жоғары екенін байқап отырмыз. Осы процестерге астанасында Африка одағының штаб-пәтері орналасқан Африканың түйінді елдерінің бірі ретінде Эфиопия тарапы да жәрдемдеседі деп үміттенеміз».

 Алемайеху Тегену Аргау өз кезегінде келешекте ЕАЭО-мен сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың жаңа деңгейін орнатуды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия мен өз елінің үкіметі арасындағы меморандумға қол қою мүмкіндігін пысықтауды жақтап сөйледі. Оның пікірінше, ЕАЭО-мен тікелей диалог сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қолда бар барлық резервін барынша іске қосуға мүмкіндік береді.

ЕЭК министрі ЕАЭО мемлекеттерінің Африканың тұтастай бірқатар елдерімен, соның ішінде Эфиопиямен дәстүрлі дамыған байланыстарын атап көрсете келіп, Эфиопияның ынтымақтастықты жандандыруға деген сындарлы ыңғай-күйін құптады. Бұл ретте Сергей Глазьев Одақ пен Аддис-Абебаның саудадағы өзара іс-қимылының қазіргі деңгейі бизнестің әлеуеті мен үміттеріне әлі сәйкес келмей жатқанын да атап өтті.

Кездесу барысында сыртқы экономикалық қызметті кедендік реттеудің дамушы және ең нашар дамыған елдерден тауарлардың шығарылуын анықтау қағидаларына қатысты бөлігіндегі кейбір аспектілері сөз болды.