Жүйеге кіру
ЕЭК пен Фарер аралдары бизнес-форум өткізу туралы уағдаласты

ЕЭК пен Фарер аралдары бизнес-форум өткізу туралы уағдаласты

Фото-Фареры-Глазьев-12_02_2020.JPG
12.02.2020

Белгіленген бизнес-форумның жай-жапсарын талқылай келе, мұндай іс-шараны өткізу ЕАЭО мен Фарер аралдарының іскер топтары өкілдері арасындағы тікелей байланысуларды дамытуға ықпал ететінін атап өте отырып, ЕЭК министрі бұл бастаманы құптады.

«Биылғы маусымда Фарер астанасына келуге шақырғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Таяу уақытта ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнес-қауымдастықтарымен бірлесіп, біз күн тәртібін және қатысушылардың тізімін қалыптастыру жұмысына кірісеміз. Пікірсайыс жемісті болатынына, ал оның нәтижесі компаниялар арасындағы жаңа байланыстарға жол ашатынына, сол себепті сауда-экономикалық ынтымақтастық көлемі мен сапасының да өсуі болатыныны сенімдімін», - деді Сергей Глазьев.

Өз кезегінде Хакун Дьурхуус ЕЭК мен Фарер арасындағы қол қойылған меморандум шеңберінде өзара іс-қимыл және 2019 жылғы мамырда өткізілген бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысы ЕАЭО-ның барлық елімен ынтымақтастықты жолға қоюға және жандандыруға мүмкіндік бергенін, ал бизнес-форумды өткізуге деген қызығушылық Фарер делегациясының Одақ мемлекеттеріне сапары барысында айтылып өткенін атап көрсетті.

«Біз дұрыс бағытта жүріп келеміз. Біздің жұмысымыз қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беруде. Біз ресми және іскер топтар тарапынан Фарер мен Еуразиялық өңір арасында байланыс орнатуға деген қызығушылықтың өсуін көріп отырмыз», - деп атап өтті Хакун Дьурхуус.

Анықтама

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Фарер аралдарымен тауар айналымының өсімі 2010 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі аралықта құндық мәнде 20 есе артып, 400 млн долларға дерлік жетті. Сонымен қатар, соңғы екі жыл ішінде сауда көрсеткіштері төмендеуде: 2019 жылдың қаңтар-қараша айының қорытындысы бойынша тауар айналымы 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,3% (283,2 млн долл. дейін), соның ішінде экспорт - 12,5% (12,5 млн долл. дейін), импорт - 12% (270,6 млн долл.) төмендеді.

ЕАЭО елдері Фарерге рапс майын, мұнай өнімдерін, қағаз бен қатырма қағаздан жасалған ыдыстар, балық аулау кәсіпшілігінде пайдаланылатын ау-тор жөнелтетін маңызды жеткізуші. Фарерден ЕАЭО-ның импорты толығымен жас, мұздатылған немесе салқындатылған балықтан, балықтың сүбе етінен тұрады.

2018 жылғы 24 тамызда Торсхавнде ЕЭК пен Фарер аралдарының Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2019 жылғы 20 мамырда Мәскеуде ЕЭК пен Фарер арасындағы өзара іс-қимыл бойынша бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысы болып өтті. Шара барысында Фарер тарапы жұмыс тобының келесі отырысын 2020 жылы Торсхавнде өткізуді ұсынды. Бұл ұсыныс отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға жазылып қойылған.