Жүйеге кіру
Ресей, Қазақстан және Иран Бидай саудасы мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Ресей, Қазақстан және Иран Бидай саудасы мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

12.02.2019
Ресейдің, Қазақстанның және Иранның Ауыл шаруашылығы министрліктері Бидай саудасы мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы үшжақты меморандум жасасты. Меморандумға қол қою туралы уағдаластық Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Иран арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісім бойынша келіссөз нәтижелерінің бірі болды. Мәскеуде 12 ақпанда өткен қол қою рәсіміне Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина қатысты.

Вероника Никишина әлемдік нарыққа бидайдың басты жеткізушілері - Ресей, Қазақстан және Иран арасындағы меморандумға қол қою ЕАЭО-дан Иранның және барлық өңір нарығына жоғары сапалы бидай жеткізудің толық мәніндегі тізбегін жаңғырту жолындағы бірінші қадам болады деген үміт білдірді.

«Бұл оқиғаға 2018 жылғы мамырда қол қойылған Уақытша келісімнің күшіне енуіне әзірлік тұрғысында қарау қажет. Келісімді қазірдің өзінде Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы ратификациялады. Біз ирандық әріптестерімізбен өзара іс-қимылдың болашағына көз жеткізіп отырмыз және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттарында диалогты жалғастыруға дайынбыз, осыған байланысты ЕАЭО-ға қатысушы елдер тарапынан да, сондай-ақ Иран тарапынан да келісімді ратификациялау жөніндегі рәсімдер тезірек аяқталады деп сенеміз», - деп атап өтті Вероника Никишина.