Жүйеге кіру
Жаслан Әзенов ЕЭК-тің Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Жаслан Әзенов ЕЭК-тің Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

IMG_3253.jpg
12.01.2021

Жаслан Ерікұлы Әзенов 1986 жылғы 3 шілдеде туған. 2007 жылы Көкшетау университетін «қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.


2008 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Ұлттық экономика министрлігінде әртүрлі лауазымдарда болды. Соның ішінде Қазақстан Республикасы министрінің экономикалық интеграция істері жөніндегі кеңесшісі болып істеді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі сыртқы сауда қызметін дамыту департаментінің басқармасына басшылық етті.

 

2015–2018 жылдары жеке кәсіпкерлік саласында жұмыс істеді.

 

2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі сыртқы сауда қызметін дамыту департаментінің ДСҰ-мен жұмыс жөніндегі басқармасын басқарды, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі сыртқы сауда қызметі департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

 

2021 жылғы 11 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.​