Жүйеге кіру
ЕАЭО-дағы адал іскерлік практикасының қағидаттары мен критерийлері айқындалды

ЕАЭО-дағы адал іскерлік практикасының қағидаттары мен критерийлері айқындалды

12.01.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 12 қаңтарда бөлшек сауданың, соның ішінде электрондық сауданың тұтынушыларына қатысты адал іскерлік практикасының қағидаттары мен критерийлерін кірістіретін ұсынымдарды бекітті. Құжат Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегияларын іске асыру шеңберінде қабылданды.

 

Бизнес ұсынымдарды тұтынушыға бағдарланған жауапты іскерлік мінез-құлық қағидаларын тұжырымдаудың негізі ретінде пайдалана алады.

Кәсіпкерлердің адалдық қағидаттарына мыналар жатқызылған: тараптардың мүдделер теңгерімін сақтау және тұтынушы мүддесіне нұқсан келтіруге жол бермеу; тұтынушыларды қызметпен тең, кемсітушіліксіз қамту; тауарлар мен сатушы туралы анық әрі уақытылы ақпарат беру және тұтынушы үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету; тұтынушының денсаулығына және мүлкіне зиян келуі тәуекелін барынша азайту; сатушының тұтынушы алдында өз жағдайының артықшылығын пайдалануына жол бермеу; құпиялылық және тұтынушының дербес ақпаратын қорғау; азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, оларды қорғау; сатушының жауапкершілігі; электрондық сауда тұтынушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін сауданың басқа нысандарынан кем болмайтын деңгейде қамтамасыз ету.

Тұтынушылардың құқықтарына қысым жасайтын және олармен шартта жол берілмейтін жағдайлар арасында – сатушының біржақты тәртіппен шарттың талаптарын немесе тауардың құнын өзгертуі; тұтынушының электрондық сауда арқылы сатып алған тауарын немесе маркетинг акциялары шеңберінде сатып алынған тауарын айырбастау немесе кері қайтару құқығын шектеу; басқыншыл жарнаманы пайдалану және өзгелері бар.

Мүше мемлекеттердің заңнамасына осындай жағдайларды кірістіру тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға және осы саладағы ұлттық заңнаманы үндестіруге мүмкіндік береді.​