Жүйеге кіру
Дәрілік заттар айналысы саласындағы ұғымдардың ақпараттық анықтамалығы жаңартылды

Дәрілік заттар айналысы саласындағы ұғымдардың ақпараттық анықтамалығы жаңартылды

12.01.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 12 қаңтарда дәрілік заттар айналысы саласында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қолданылатын ұғымдардың ақпараттық анықтамалығын өзектілендірді.

Ұғымдар мен айқындамалардың ақпараттық анықтамалығы Одақта 2016 жылдан бері жүргізіледі және орта есеппен әрбір екі жылда жаңартылады. Жаңа редакция өткен жаңарту сәтінен бергі өзгерістерді ескере отырып, Одақ құқығының бүкіл терминологиялық аппаратын өзіне кірістірген.

Анықтамалық фармацевтика саласындағы құқықтық аспектілерді шешу кезінде терминологиялық аппаратқа жедел қол жеткізуге көмектеседі, тұжырымдарды бірізді қолдануды қамтамасыз етеді, Одақтың әртүрлі құқықтық актілерінің ұғымдары мен айқындамалары арасында өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді.