Жүйеге кіру
ЕАЭО еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді

ЕАЭО еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді

12.01.2021

ЕАЭО еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық комиссия әзірледі. Оның негізгі мақсаты - еңбекшілердің зейнетақы құқығын жұмысқа орналасу елінің азаматтары сияқты жағдайларда қалыптастыру, сақтау және іске асыру.

 

Келісім Одақтың бір елінен екінші еліне зейнетақы экспортының тәртібі мен механизмін айқындайды, зейнетақы құқығын айқындау үшін ЕАЭО мемлекеттеріндегі жұмыс өтілінің жинақталуын көздейді. Бұдан басқа, еңбекшілерді медициналық куәландыру, соның ішінде мүгедектік бойынша зейнетақы тағайындау кезінде сырттай медициналық куәландыру мәселесі реттелген, сондай-ақ Келісім күшіне енгенге дейінгі және енгеннен кейінгі жұмыс кезеңі үшін зейнетақы тағайындау мен төлеу тәртібін айқындайтын өтпелі ережелер бекітіп берілген.

Келісімді практикалық іске асыру мақсатында Одақ елдерінің ЕАЭО елдерінің уәкілетті, құзыретті органдарымен және Еуразиялық экономикалық комиссиямен трансшекаралық өзара іс-қимылының механизмін айқындау тәртібі әзірленген. Бұл ретте ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы цифрлық өзара іс-қимылға көшкенге дейін тараптар қағаздағы құжат айналымын пайдаланатын болады.

Келісімге 2019 жылғы 20 желтоқсанда Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары қол қойды және 2021 жылғы 1 қаңтарға қарай Одақтың барлық елі ратификациялады.