Жүйеге кіру
Михаил Мясникович – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындылары туралы

Михаил Мясникович – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындылары туралы

IMG_3074.jpg
11.12.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович журналистерге 11 желтоқсанда бейнеконференция форматында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындылары туралы айтып берді.

- ЖЕЭК отырысының күн тәртібінде 28 мәселе болды. Барлық мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Мен мемлекет басшыларына Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын бекіткендері үшін шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Біздің интеграциялық процестер шеңберінде бұл шын мәнінде тарихи оқиға. Бұл құжат көптеген мәселені жаңаша шешуге мүмкіндік береді. Мен бұл орайда интеграция мәселелерін іске асырудың жеткілікті нақты механизмдеріне көшуді айтып тұрмын. 2014 жылы қол қойылған Шарт қазірдің өзінде көп жағынан өзінің кинетикалық энергиясын сарқыды және соған орай жаңа, неғұрлым жетілдірілген тәсілдемелер талап етілетіні сөзсіз.

Бұлардың мәні неде? Біздің әр кез мәлімдеп келе жатқан мемлекеттеріміздің экономикасын өзара толықтыруды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік әлеуетті, сауда-логистикалық мүміндіктерімізді бұдан да толық іске қосуымыз қажет, мұны мемлекет басшылары белгілеп берді, ол бизнес-қоғамдастық деңгейінде қаралды.  Орасан зор резервтер осында, біз бір-біріміздің айтқанымызды естіп білдік.

Комиссияға берілген тапсырмаларды біз іс-қимылға басшылық ретінде қабылдаймыз, өйткені мұның сыртында жаңа жұмыс орындары, жаңа, үлкен зияткерлік мүмкіндіктер тұр. Бізде орасан зор әлеует шоғырланған, оны іске қосу керек.

Сіздердің назарыңызға салатын және бір жәйіт -  бекітілген 2025 жылға дейінгі Стратегия адамға - білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты. Онда азаматтардың жүріп-тұруына байланысты мәселелер бар. Яғни жаңа, соның ішінде білім беру және ғылым саласында тың мүмкіндіктер ашылады. 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттардың айрықша жаңашылдығы да осында. Әлбетте бұл зор әлеует, оны іске қосу керек болатыны сөзсіз.

Сонымен бірге, біз мынаны жақсы түсінуіміз қажет, бұған айрықша назар аударғым келеді. Бұл туралы Ресей Федерациясының Президенті, басқа да мемлекет басшылары айтып өткендей, қолданыстағы шарттың барлық стратегиялық шешімдерін ұмытуға болмайды, яғни біз өткен құжаттар бойынша орындалмағандарды ұмытып, жаңа құжатты бастаған сияқты болмауымыз керек. Шынында да күш - интеграцияның бір формациясынан екіншісіне осылай эволюциялық ауысуда.

Біз мұны интеграциямызды дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асырудың қазір өзіміз жұмыс істеу үстіндегі жоспарын қалыптастыру кезінде міндетті түрде ескеретін боламыз.

Интеграцияны дамытудың он бір бағыты, кімнің нені қашан істейтіндігі бойынша 332 механизм. Бұл біз үшін, Комиссия үшін орасан жұмыс және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен үйлесімді жұмыс жасаймыз деген ойдамыз. Бұл орайда егемен ұлттық мүдделерді де ескеру керек болатыны сөзсіз, ешкім де үстем болуға ұмтылмайды. Сөз бұл арада сол немесе өзге интеграциялық жобалар немесе тәсілдемелер ұсынылған кездегі жеткілікті иланымды болу керектігі жайында болып отыр.

2020 жылы жалпы ішкі өнімнің біршама азаюы болғаны белгілі. Он айдың қорытындысы бойынша 3,4% болып отыр. Сонымен бірге жұмыстың өте жақсы көрсеткіштері де бар екендігін айта өткім келеді. Мысалы, өткен жыл деңгейінен қарағанда, ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 102,5% құрады. Демек, бұл біздің азық-түлік қауіпсіздігіміздің нығайғаны, азық-түлік нарығының, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының молыққаны деген сөз. Өңдеуші өнеркәсіп саласында өнеркәсіп өндірісі көлемінің құлдырауына жол берілмегенін, іс жүзінде өткен жылғы деңгейге қарағанда 100% деңгейде болуын да жақсы іс деп санаймын. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларында өте қуатты зияткерлік әлеует шоғырланғанына, мұнда жоғары тиімді жұмыс орындары көп екендігіне назарларыңызды аударғым келеді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикасының бәсекеге қабілеттілігі де көп жағдайда осымен айқындалады. Әлемдік ЖІӨ-де Еуразиялық одақ елдерінің жалпы ішкі өнімінің үлес салмағы әзірге өте төмен болғандықтан, мұны да дамыту керек екендігі сөзсіз.

Бізде озыңқы даму болуына бағдар ұстауға тиіспіз. Стратегияда белгіленген шептерге шығу үшін бізге әр жыл сайын 4,5% өсім керек болады, бұл өте жеңіл атқарылмайтын іс. Оның үстіне, біз старт алуды жоспарлаған базаны үстіміздегі жылғы коронавирус инфекциясы тудырған проблемалар азайтқанын да ескерген жөн. Осы орайда, 2021 жылы және одан кейінгі жылдары 2020 жылғы артта қалушылықтың орнын толтыруға тура келеді. Сол себепті алдымызды өте үлкен жұмыстар тұр, бүгін мемлекет басшылары тұжырымдап берген міндеттер өте жауапты. Шын мәнінде интеграцияны қалай нығайтамыз, экономиканың осындай синергетикалық нәтиже есебінен өзара толықтырылуын қалай қамтамасыз етеміз деген тұрғыда мүдделі, ашық әңгіме болғанын атап көрсеткім келеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бүгінгі отырысында бірқатар бастамалар тұжырымдалды. Сөз ұшақтардың бірлескен өндірісі туралы болып отыр. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путиннің, Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенконың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бізге коронавирус инфекциясымен күрес бойынша жоғары тиімді вакцинаны жаппай өндіруді жолға қою үшін күш-жігерді біріктіру керектігі турасындағы ұсыныстары өте дәлелді және нақты болды. Бүгінде осы пандемия азаматтардың қозғалысы мен іскерлік байланысуларын тежеп отырғандықтан, Еуразиялық кеңістігімізде елдеріміздің азаматтарының жүріп-тұруын қалпына келтіру үшін бұл жаңа мүмкіндіктер ашатын болады.

Қысқа мерзімде орындайтын өте көп тапсырма болды. Бұл үшінші елдердің жосықсыз импортынан ұлттық тауар өндірушілерді қорғаудың демпингке қарсы шаралары бойынша шешімдерге вето қоюдың, өнеркәсіптік кооперацияның мәселелеріне және басқа да көптеген жәйіттерге қатысты. Комиссия ақпан-наурыздың өзінде осы көптеген мәселелер бойынша баяндауға тиісті болады. Алдағы жылдың мамырына Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы жоспарланған, онда біз 2025 жылға дейінгі стратегияны іске асыру жоспары жайында, коронавирус инфекциясының пандемиясымен күрес бойынша берілген тапсырмалар туралы және басқа көптеген мәселелер жөнінде есеп беретін боламыз.

Мен отырыстың сындарлы болуымен бірге, нақты ұсыныстар тұжырымдай отырып барынша мүдделілікпен өткенін де атап көрсеткім келеді. Сол себепті мемлекет басшыларының пікір алмасуы - ұлы іс деуге болады, мұны қадірлеу керек, Комиссия атынан мемлекет басшыларына экономикалық дамудың өзекті мәселелері, әлеуметтік мәселелер, коронавирус инфекциясының мәселелері және басқалар бойынша шешімдер тұжырымдауға асқан мүдделілікпен қарағандары үшін алғысымды білдіргім келеді.

Отырыстың маңызды болатын тағы бір себебі -  бізде екі байқаушы мемлекеттің пайда болуы. Бұл мәртебеге мүдделілікпен қарап, ынтымақтастық шын мәнінде нығаяды деп санайтын Куба мен Өзбекстан президенттерінің сөйлеген сөздері өте күшті болды. Біздің интеграциялық бірлестігіміздің шеңберінде жаңа бет ашылды.  

Бізде әзірге Молдованың ғана байқаушы мемлекет мәртебесі болса, енді Одақ жанында үш байқаушы мемлекет болады.

Куба басшысы тіпті Комиссияда өтетін іс-шараларға тікелей қатысатын нақты лауазымды тұлғаны да айқындап берді, ол байқаушы мемлекеттер үшін шартта көзделген құзыреттер шеңберінде шешімдер тұжырымдауға бірлесіп қатыса алады.

Біз жалпы ішкі өнімнің қандай да бір төмендеуі туралы айтып отырмыз, мен айтқандай, бұл біршама жақсы жұмыс істеген салаларда 3,4%. Бірақ егер, мысалы, Еуропалық одақтың экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің төмендеу көлемін қарастыратын болсақ, онда олар құлдырау көлемінен әлдеқайда көп. Бұл біздің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде айтарлықтай берік байланыстарымыз бар екенін, тіпті пандемияның күрделі жағдайларында да біздің азаматтарымыз бен мемлекеттеріміздің мүддесіндегі өзекті міндеттерді шешу үшін өзара сауда мен басқа да коммуникациялардың жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін білдіреді.

Бірқатар шешімде көрініс тапқан өте үлкен тақырып - халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты. Бұл тақырыпты менің бір жылға толмайтын жұмыс кезеңім ішінде мемлекет басшылары бірінші рет жеткілікті түрде нақтылай анығырақ етіп көрсетіп берді. Бұл өте жақсы жұмыс бағыты деп ойлаймын, өйткені өздеріңіз де білесіздер, әлемнің кейбір жетекші экономикасы бұдан бұрынырақта жаһандану тқжырымдамасын, интеграцияны қайта қарауға тырысты және оқшау даму бағытын ұстанды.

Бүгін барлық Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары біздің бірлестігіміздің, мысалы, Оңтүстік Шығыс Азияның және "Бір белдеу, бір жол" тұжырымдамасының ұштасуы шеңберіндегі, тұтастай Тынық мұхит өңіріндегі тектес бірлестіктермен барынша берік экономикалық, мәдени, әлеуметтік байланыстар орнатуды бірауыздан жақтап сөйледі деп айтуға болды.

Сол себепті осындай жаһандық интеграция, байланысуларды кеңейту жолын шын мәнінде мемлекет басшылары белгілеп берді.  Біз үшін, Комиссия үшін бұл міндет, осы мәселелерді шешу жеңіл шаруа емес. Алайда өз ұйымымыздың беделінің өсе түскенін ескере отырып, біздің алдағы перспективамыз жақсы болады деп ойлаймыз.​