Жүйеге кіру
Халықаралық автомобиль көлігі одағымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Халықаралық автомобиль көлігі одағымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

11.12.2012

2012 жылдың 11 желтоқсаны күні ЕЭК-да Еуразиялық экономикалық комиссия мен Халықаралық автомобиль көлігі одағымен (ХАКО) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Комиссияның атынан бұл құжатқа ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Даниал Ахметов, ХАКО атынан - Халықаралық автомобиль көлігі одағының бас хатшысы Мартин Марми қол қойды.

«Комиссия мен ХАКО арасындағы ынтымақтастық Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында сауда-саттықты және халықаралық көлік тасымалдарын дамытуға мүмкіндік туғызады, автокөлік саласының дамуына, оның инновациялық әлеуетінің және инвестициялық тартымдылығының жоғарылауына ықпал ете алатын барлық салалық ұйымдармен саралы диалог жасауға мүмкіншілік береді», - деді Даниал Ахметов.

Ол, Меморандумға қол қойылуы - халықаралық автомобиль қатынастарын дамыту және халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын жүзге асыру үшін жағымды жағдайлар құру сияқты ортақ міндеттеріміздің шешілуін қамтамасыз ететін аяқталып келе жатқан 2012 жылдың өте маңызды оқиға болып табылып отыр» деді өз сөзінде. Тараптар халықаралық автомобиль тасымалдарындағы өзекті мәселелер бойынша ынтымақтасуға және кеңесуге ынталы, соның ішінде мына мәселелер бар:

халықаралық көлік тасымалдары саласындағы реттеу шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеу

ХЖТ кітапшасын қолданып халықаралық көлік тасымалдарын жүзеге асыру

халықаралық көлік тасымалдарын жетілдіру және дамыту, оларды жүзеге асыруда кезігетін кедергілерді тауып, жою

Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің транзиттік әлеуеттерін іске асыру.

Анықтамалық а​қпарат: ХАКО бүкіл әлем бойынша жолаушылар мен жүктердің автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру жолымен сауда-саттықты және экономиканы дамыту мақсатымен жолаушылардың және автомобильдік жүк тасымалдаушы көліктер операторларын бастарын қосып біріктіретін дүниежүзілік автомобиль көлігі ұйымы болып табылады.

БҰҰ мандатына сәйкес, Халықаралық автомобиль көлігі одағы Халықаралық жол тасымалдары (ХЖТ) кедендік транзит жүйесін енгізу бойынша серіктес болып табылады.