Жүйеге кіру
ЕЭК АХҚО платформасында Еуразиялық тікелей инвестициялар қорын құру мүмкіндігін талқылайды

ЕЭК АХҚО платформасында Еуразиялық тікелей инвестициялар қорын құру мүмкіндігін талқылайды

IMG_4737.jpg
11.09.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақтағы даму институттарының қызметі мәселелері бойынша семинар өткізді.

Бұдан бұрын мемлекеттердің даму деңгейін теңестіру мақсатында жаңа даму институтын құру және ЕАЭО-ны қолдау қажеттігі туралы Қырғыз Республикасы айтып өткен еді. Ұсынысты пысықтау үшін Одақ мемлекеттері атқарушы билігінің уәкілетті органдарының өкілдері мен сарапшылары құрамында Интеграция және макроэкономика жөніндегі министр Сергей Глазьевтің басшылығымен арнаулы жұмыс тобы құрылды.

Семинарды ашқан Сергей Глазьев: «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен таныса отырып, біз ЕАЭО-ны дамыту және қолдау жаңа институтын қалыптастыру жөніндегі міндеттерді шешудің мүмкін болатын жолдары жайында қосымша түсініктер ала аламыз», - деп атап өтті.

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов АХҚО платформасында Еуразиялық (өңірлік) тікелей инвестициялар қорын құру мүмкіндігін қарауды ұсынды. Қаржы орталығының өкілдері бірлескен жұмыстың перспективалық бағыттары туралы ақпарат ұсынды, ағылшын құқығына сәйкес жұмыс істейтін жеңілдікті салық режімін, қаржылық технологиялардың кең спектрін, жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық капиталды тарту мүмкіндігін қоса, платформа беретін артықшылықтар жайында айтып берді.

Қаржы орталығының өкілдері АХҚО биржасы капиталды тарту үшін, соның ішінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде жобаларды іске асыру үшін халықаралық алаң ретінде құрылғанын атап өтті. Бұл бастамамен ұштасу Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасында белгіленген міндеттердің бірі болып табылады.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің әрекетті даму институттарының – Арменияның Даму және инвестициялар корпорациясының, Беларусь Республикасы Даму банкінің, Ресей-Қырғызстан даму қорының өкілдері өз жұмыс тәжірибелерімен және Одақ шеңберінде мүмкін болатын өзара іс-қимылды пайымдаумен бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар Комиссия Кеңесі отырысының материалдарына қосылатын болады.​