Жүйеге кіру
ЕАЭО мен ҚХР-дың сауда-экономикалық ынтымақтастығы туралы келісімі 2019 жылдың басында қолданыла бастауға тиіс

ЕАЭО мен ҚХР-дың сауда-экономикалық ынтымақтастығы туралы келісімі 2019 жылдың басында қолданыла бастауға тиіс

11.09.2018
Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина 11 қыркүйекте Владивостокта Шығыс экономикалық форумы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) нарығын ырықтандыру, Жібек жолының Экономикалық белдеуін қалыптастыру тұрғысындағы ЕАЭО елдері үшін басым жобалар және Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің перспективалары туралы әңгімеледі.
ЕЭК министрі форумның бірінші күніне қатысты және «Қиыр Шығыс – АТМӨ-мен экономикалық ынтымақтастықтың орталығы: бизнес пен биліктің диалогы» және «Жібек жолының қиылыстары» деп аталатын екі сессияда спикер ретінде сөз сөйледі.
Бірінші сессияда қатысушылар әртараптандыруға барар жолдағы күрделіліктер мен мүмкіндіктерді және Азия-Тынық мұхит өңіріне (АТМӨ) сауда және инвестициялық ағындардың күшеюін, АТМӨ интеграциялық күн тәртібіне ендірудің мүмкіндіктері мен тәсілдерін талқылады.
«Әлемдік сауданың барлық турбуленттiлiгіне қарамастан, бізге дүрлігудің және протекционизмде шырғаланудың қажеті жоқ деп есептейміз, одан да біздің нарықтарымызды ырықтандыру саясатын жалғастырғанымыз жөн, себебі Азия өңірінің үлкен кіру тосқауылдарын келісімдер жасасу арқылы ғана алып тастауға болады,- деді Вероника Никишина.- Бізге өз нарықтарымызды ашудан қорқудың да қажеті жоқ, өйткені іс жүзінде ол Азия нарықтарымен салыстырғанда жеткілікті түрде ырықтандырылған».
Екінші сессия кезінде ЕЭК министрі Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы тарихи Жібек жолының кеңістігіне ғана емес, тұтастай Жердің Шығыс жартышарына қатысты болғандықтан, ХХІ ғасырдағы дамудың неғұрлым ауқымды бастамасы деп атап өтті.
«2017 жылдың басында біз «Бір белдеу - Бір жол» бастамасының бір бөлігі ретінде Жібек жолының Экономикалық белдеуін қалыптастыруға орай ЕАЭО елдерінің іске асыруына арналған басым жобалар тізімін бөліп айқындадық,- деп атап көрсетті Вероника Никишина.- Осы тізімдегі отыз тоғыз жоба көлік инфрақұрылымы құрылысына немесе жаңғыртуға (көлік-логистика хабтарын құруға және түбірлі көлік тораптарын дамытуға) бағытталған. ЕАЭО елдерін Азия елдерімен байланыстыратын көлік инфрақұрылымын жаңғырту – біздің Азиялық экономикалық кеңістікке интеграциямыздың қажетті шарты».
ЕЭК министрінің сөзінше, мамырда қол қойылған ҚХР-мен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім инвесторларға болжамды негізде стратегиялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, бұлар, мысалы, көлік, энергетика, ауыл шарушылығы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды алға ұстай отырып, экономиканың нақты салаларында жүргізілетін салалық диалогтар. «Келісім келесі жылдың басында қодданыла бастайды деп есептеп отырмыз. Алайда оны нақты жобалармен толтыруды бүгіннен жүргізудеміз»,- деп мәлімдеді Вероника Никишина.