Жүйеге кіру
ЕЭК Қытайдан әкелінетін құбырларға арналған демпингке қарсы шараны ұзартты

ЕЭК Қытайдан әкелінетін құбырларға арналған демпингке қарсы шараны ұзартты

11.08.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 11 тамызда Қытайдан әкелінетін, бұрғылау мен мұнай және газ ұңғымаларының пайдаланылуы үшін қолданылатын жапсарсыз болат құбырларға қатысты демпингке қарсы шараны қоса алғанда 2021 жылғы 12 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Баж қолданысының мерзімі Ішкі нарықты қорғау департаменті 13 мамырда бастаған қайталап демпингке қарсы тергеп-тексеру жүргізу уақытына ұзартылған.

«Бұл шара 2020 жылғы коронавирус пандемиясы аясында мұнай өндіру көлемінің өзгеруіне және құбыр жеткізушілер тарапынан бәсекелестіктің күшеюіне байланысты туындаған нарықтағы тұрақсыз жағдаятқа орай Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері өндірісшілерінің экономикалық мүдделерін қорғауға ықпал етеді», деп түсіндірді ЕЭК-тың Сауда блогы.

ЕАЭО-ның нормативтік-құқықтық базасына сәйкес қайталап тергеп-тексеру басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс. Бұл өнімге арналған демпингке қарсы шара 2015 жылғы тамызда белгіленді және 22 қыркүйекте аяқталған болатын.

Қайталап тергеп-тексеру барысында Қытайдан әкелінетін мұнай-газ кәсіпшілігі құбырларын жеткізу кезіндегі демпингті сақтау қаралады. Шараның қолданылуы тоқтатылған жағдайда ЕАЭО экономикасының салалары үшін нұқсанның жаңартылуы да қаралған. Шара қолдануды ұзарту туралы шешім тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қабылданатын болады.

Анықтама

Қайталап тергеп-тексеру үшін «Челябі құбырпрокат зауыты» ЖарАҚ, «Первоуральск Жаңақұбыр зауыты» АҚ, «Волга құбыр зауыты» АҚ, «Северск құбыр зауыты» ЖарАҚ, «Таганрог металлургия зауыты» ЖарАҚ, «Синарск құбыр зауыты» ЖарАҚ, «ТМК-Казтрубпром» ЖШС берген өтініштерді қарау нәтижелері себепші болды. Қолданыстағы демпингке қарсы шара кедендік құннан 12,23%-дан 31%-ға дейін құрайды. Өзіне баға міндеттемелерін қабылдаған компаниялар өнім әкелген кезде баж алынбайды.​