Жүйеге кіру
Виктор Назаренко: «Қауіпті өнім туралы хабардар ету жүйесін құру және бақылаушы (қадағалаушы) органдардың кеден және құқық қорғау органдарымен пәрменді өзара іс-қимыл механизмдерін белгілеу ЕАЭО үшін маңызды»

Виктор Назаренко: «Қауіпті өнім туралы хабардар ету жүйесін құру және бақылаушы (қадағалаушы) органдардың кеден және құқық қорғау органдарымен пәрменді өзара іс-қимыл механизмдерін белгілеу ЕАЭО үшін маңызды»

11.07.2019

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) нарығында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің айналысына жол бермеу, сондай-ақ Одақ елдерінде сәйкестікті бағалау саласындағы бұзушылықтардың профилактикасы мақсатында мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиімділігін арттыру, сондай-ақ бақылаушы (қадағалаушы), кеден, құқық қорғау органдары мен аккредиттеу органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөнінде жүйелі шаралар іске асырылуда. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясын нормативтік реттеу мәселелері бойынша стандарттау және ынтымақтастық саласындағы саясат жөніндегі Жұмыс тобы (БҰҰ ЕЭК 6 ЖТ) шеңберіндегі Нарықты қадағалау жөніндегі консультативтік топтың (MARS Group) 17-отырысында мәлімдеді. Жұмыс тобының отырысы 8-9 шілдеде Мәскеуде ЕЭК штаб-пәтерінде бірінші рет өтті.

«Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар пайдаланылмаса, бақылаудың тиімді жүйесін құру мүмкін емес. Қауіпті өнім туралы хабардар ету жүйесін құру жөніндегі Одақта іске асырылып жатқан пилоттық жоба бақылаушы (қадағалаушы) органдардың кеден және құқық қорғау органдарымен пәрменді өзара іс-қимыл механизмдерін белгілеу мәселесін шешуге мүмкіндік береді»,- деп атап көрсетті ЕЭК министрі.
Виктор Назаренко отырысқа қатысушыларды, соның ішінде Еуропалық одақ өкілдерін ЕАЭО-дағы техникалық регламенттердің міндетті талаптарын сақтауды мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүйесінің дамуы туралы хабардар етті.
«Одақта бүгінгі таңда Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдемелері туралы келісім қол қойылу сатысында, қауіпті өнімді анықтау жөніндегі жалпы ақпараттық процесс техникалық тестілеуден өтті. Бұл ретте бізге ЕО елдерінің қауіпсіздіктің белгіленген міндетті талаптарына сай келмейтін және адамның өмірі мен денсаулығы үшін ықтимал қатер төндіретін өнімнің нарықтағы айналысына жол бермеу жөніндегі тәжірибесін ескерген өте-мөте маңызды»,- деп хабардар етті ЕЭК министрі.

Виктор Назаренко атап көрсеткендей, ЕЭК-тің техникалық реттеу саласындағы норма шығармашылық қызметі өнімге қойылатын міндетті талаптардың сақталуын бақылау (қадағалау) саласындағы таңдаулы әлемдік, соның ішінде Еуропалық практикаларды Одақ құқығына имплементациялаудың орындылығы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Еуропалық одақта «Нарықты қадағалау және өнімнің сәйкестігі мен 2004/42/ЕО Директивасына өзгерістер енгізу және (ЕО) № 765/2008 және (ЕО) № 305/2011 Регламенттері туралы» № 2019/1020 Регламент әзірленгенін назарға ала келгенде, ЕО-дағы бұл құжатты талдау және қолданылу практикасының нәтижелерін жинақтау ЕЭК пен БҰҰ ЕЭК-тің реттеудің осы саласындағы тәсілдемелерін үндестіруіне қызмет етеді.
 
Отырысқа қатысушылар техникалық регламенттер талаптарының сақталмағаны үшін жауапкершілік саласындағы құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру перспективаларын және сәйкестікті бағалау рәсімдерін, Одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы қадағалауды жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдемелерін белгілеп, талқылады. Бұлардың кепілді қауіпсіз өнімді өндіру және олардың аумақтарында айналысқа шығару мәселелерін шешу үшін маңызды мәні болады.