Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесінде вице-премьерлер ЕАЭО ішкі нарығының неғұрлым сезімтал бес проблемасын талқылайды

ЕЭК Кеңесінде вице-премьерлер ЕАЭО ішкі нарығының неғұрлым сезімтал бес проблемасын талқылайды

11.07.2018

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мемлекеттері арасындағы өзара саудадағы неғұрлым сезімтал кедергілер, сондай-ақ оларды жою жөніндегі іс-шаралар Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі жөніндегі консультативтік комитеттің бесінші отырысында талқыланды. Мұндай кедергілердің арасында - электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану мәселесі,  жекелеген салаларда мемлекеттік және  муниципалдық сатып алуларға қол жеткізу, ЕАЭО елдерінен әкелінетін жекелеген тауарларға бақылау бағаларының төмен деңгейін қолдану жағдайларын болдырмау, Одақтың барлық елдерінде ветеринариялық бақылау (қадағалау) жүйесін өзара тану,  Одақ мемлекеттерінен жеткізілетін алкоголь өніміне қатысты қамтамасыз етуші төлем алу бар.

Бұл кедергілер мен оларды жою жөніндегі ұсыныстарды 13 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысында  қарау жоспарланды.

ЕАЭО елдері үшін неғұрлым сезімтал мәселелерді алдын ала талқылау форматы Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі жөніндегі консультативтік комитетте қатысушы елдердің Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мемлекеттік билік органдарының басшылары орынбасарларының қатысуымен  өткен кеңесте бұдан бұрын айқындалған еді.

Неғұрлым сезімтал кедергілер ретінде, атап айтқанда, электрондық форматта сатып алуларға қатысуға әлеуетті өнім берушілердің кедергісіз қол жеткізуі үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану мәселесі  белгіленген. Тараптар бұған қазірдің өзінде дайын Одақ елдері арасында электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану процесін іске асыру қажеттігі туралы уағдаласты.Бұл  электрондық форматтағы сатып алулардың трансеуразиялық нарығы жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет.Отырысқа қатысушылар биылғы 1 қыркүйекке дейін Одақ елдері арасындағы электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуге уағдаласты, бұл оларды өзара тану жөніндегі жалпы жоспарды іске асырудың аралық кезеңі болады.

Мүше мемлекеттер үшін жекелеген салаларда мемлекеттік және  муниципалдық сатып алуларға қол жеткізу маңызды мәселе болып табылады. ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алулар нарығының негізгі үлесі - 90% астамы Ресейге тиеді. 2017 жылы  ол 3 млн орналастырылған хабарламалар бойынша 7 трлн рубльді құрады, бұл 2016 жылғы деңгейден 10,6% жоғары. 2018 жылдың  алты айы ішінде 1,6 млн орналастырылған хабарламалар бойынша мемлекеттік сатып алулардың жалпы сомасы 3,9 трлн рубльге жетті.

Консультативтік комитет мүшелері Қырғыз Республикасының ЕАЭО елдерінен әкелінетін жекелеген тауарларға бақылау бағаларының ең төмен деңгейін қолдануына қатысты сезімтал мәселені қарады.

Мемлекеттік шекараның Қырғыз-Қазақстан учаскесінде ветеринариялық бақылауды сақтауға байланысты мәселе күн тәртібіне қойылды.

Отырысқа қатысушылар  алкоголь және темекі өніміне арналған акциздер мен ЕАЭО шеңберінде алкоголь нарығын реттеу саласында салық саясатын жүргізу  қағидаттары бойынша келісімдер пакетіне қол қою туралы мәселені,  сондай-ақ Одақ мемлекеттерінен жеткізілетін алкоголь өніміне қатысты қамтамасыз етуші төлем қолдануды талқылады. Ол Арменияны қоспағанда,  барлық мүше мемлекеттерде алынады.