Жүйеге кіру
ЕАЭО-ның техникалық регламенттерін әзірлеу жоспары кеңейтілді

ЕАЭО-ның техникалық регламенттерін әзірлеу жоспары кеңейтілді

16.03.2020
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарына өзгерістер енгізді. Оны электр техникасы мен радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттардың қолданылуын шектеу және жиһаз өнімдеріне қойылатын талаптарды нақтылау жөніндегі позициялармен толықтыру жоспарланып отыр.

ЕАЭО-ның «Электр техникасы мен радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттардың қолданылуын шектеу туралы» техникалық регламентінде қауіпті заттардың бақыланатын номенклатурасы және олардың бұйымдардағы құрамын шектеу жөніндегі талаптар өзектілендіріледі. Техрегламенттің сондай-ақ электр батареялары мен аккумуляторлар құрамында қауіпті заттар болуын шектейтін қолдану саласы кеңейтіледі. Оларды кеңінен қолдану адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіп төндіреді. Бұдан басқа, өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан электр техникасы мен радиоэлектроника бұйымдарын кәдеге жарату жөніндегі талаптарды белгілеу ұсынылады.

Өзгерістердің әзірлеушісі болып Беларусь Республикасы айқындалды. Техрегламентке өзгерістерді мемлекетішілік келісу рәсімі 2022 жылғы IV тоқсанда аяқталуға тиіс.

Одақтың «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер қолдану саласына және жиһаз өнімдеріне, атап айтқанда механикалық және химиялық қауіпсіздік бойынша қойылатын жекелеген талаптарды нақтылауды бағамдайды. Бұдан басқа, суммациялық нәтижесі болатын химиялық заттардың тізбесі айқындалуға және сынақ хаттамаларының қолданылу мерзімі белгіленуге тиіс.

Өзгерістердің әзірлеушісі - Ресей Федерациясы. Техрегламентке өзгерістерді ЕАЭО елдеріндегі мемлекетішілік келісу рәсімі 2022 жылғы II тоқсанда аяқталуға тиіс.​