Жүйеге кіру
Ветеринарлық сертификаттар орыс тілінде, сондай-ақ экспорттаушы елдің тілінде және (немесе) ағылшын тілінде толтырылуға тиіс

Ветеринарлық сертификаттар орыс тілінде, сондай-ақ экспорттаушы елдің тілінде және (немесе) ағылшын тілінде толтырылуға тиіс

11.02.2013
Кеден одағының аумағына әкелінетін тауарларға экспорттаушы елдер ветеринарлық сертификаттарын орыс тілінде ғана толтырудың қажеттігі туралы сауда серіктестерінен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) атына келіп түсіп жатқан сауалдарға байланысты, ЕЭК Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар Департаменті түсініктеме беріп отыр.

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 Шешімімен Кеден одағының аумағына әкелінетін ветеринарлық қызметтің бақылауына жатқызылған тауарларға арналған ветеринарлық сертификаттардың 40 нысаны бекітілген. Аталған нысандар Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жарияланған.

Экспорттаушы елдердің құзырлы органдарының лауазымды тұлғалары, Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 Шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасына және Кеден одағының кеден аумағында ветеринарлық бақылауды жүзеге асырудың Бірыңғай тәртібі туралы Ереженің 3.8 тармағына сәйкес, ветеринарлық сертификаттарды орыс тілінде, сондай-ақ экспорттаушы елдің тілінде және (немесе) ағылшын тілінде толтыруы тиіс.

Сонымен қатар, мынаны хабарлаймыз. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 726 Шешіміне сәйкес, 2010 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша экспорттаушы мемлекет Кеден одағының бір мүше мемлекетімен келіскен ветеринарлық сертификаттарының әрекеті тек 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін ғана сақталатындығы белгіленген. 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін экспорттаушы елдің құзырлы органы 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін келісілген ветеринарлық сертификатты қайта қарау туралы сауалымен ЕЭК немесе Тараптардың біреуінің уәкілетті органына өтініш жасаған жағдайда, ондай ветеринарлық сертификаттың әрекет ету мерзімі жаңа редакцияда келісілгенше ұзартылады.